қазақша · русский · english
   
  Main  News
03.10.2023

«Менің ашқан жаңалығым, менің нәтижем» ғылыми сайысы

 

2023 жылдың 30 қыркүйегінде Жаратылыстану және география институтында еңбек күніне орай «Менің ашқан жаңалығым, менің нәтижем» тақырыбында ғылыми сайыс өтті.


Сайыстың ашылуы арнайы шақырылған қонағымыз, сайысқа төрелік еткен Ұлттық тәрбие орталығының координаторы - Айман Бейсембаеваның жылы лебізімен басталды. Сайыс барысында әр қатысушының тыңғылықты дайындығы көрінді, әр қатысушының өзіндік жаңалығы, өзіндік ұстанымы болды. Ғылыми сайыс өте тартысты өтті. Сайыс соңында Жаратылыстану және география институтының Ардагерлер кеңесінің төрағасы Талғат Увалиев пен директордың ғылым және халықаралық байланыс қызметі бойынша орынбасары Қарлығаш Мұздыбаева және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Серік Бакиров ғылыми жарысқа деген ойларын, қатысушыларға деген ризашылықтарын білдіріп, жүлделі орындармен марапаттады.


Жүлделі орын иегерлері:

1 орын: «6B01512 - Химия-биология» мамандығының 2 курс студенті Әлімбай Ақбота Бақытжанқызы;

2 орын: «6B01512 - Химия-биология» мамандығының 2 курс студенті Ибадулла Мерей Ерсултанқызы;

3 орын: Тарих және құқық институтының 1 курс студенті Насиров Алмас.

 

  alt=  

 

  alt=