қазақша · русский · english
   
  Main  News
09.10.2023

«Алаш арыстары» танымдық кеші


2023 жылдың 6 қазанында «Бастауыш білім беру» кафедрасының «Мобильді білім беру ортасын құру арқылы болашақ бастауыш білім педагогтерін ұлттық құндылыққа баулу» зерттеу жобасы аясында «Ұлттық қазына» клубының жетекшісі, кафедра оқытушысы Рабиға Базарбекованың және 2-3 курс студенттерінің ұйымдастыруымен «Алаш арыстары» тақырыбында танымдық кеш өтті.

 

Кештің мақсаты - Алаш қайраткерлерінің тәуелсіздік жолында сіңірген еңбектерімен таныстыру арқылы жастарды рухани құндылықтарға, отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

 

Іс-шара барысында жақында кинотеатрларда көрсетілген «Оян, қазақ!» көркем фильмінен түрлі викториналық сұрақтар берілді. Сондай-ақ Алаш қайраткерлері М. Жұмабаев, А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейханов, М.Дулатов бейнесін сомдау арқылы білім алушылардың актерлік шеберлігіне тәнті болдық. Озық өнерімен көзге түскен білім алушыларға «Сөз шебері», «Топ жарған», «Дарын» номенациялары берілді.

 

Алаш қайраткерлерінің шығармаларынан үзінді оқып, білім алушылар өздерінің шығармашылық қабілетін шыңдай түсті. Клуб мүшелері алдағы уақытта да Алаш қайраткерлерін дәріптеп отыру арқылы болашақ ұрпақтың берік тәрбиесіне, тұлғалық тұғырын нығайтуға өз үлестерін қосады деген үміттеміз.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=