Израильден келген профессор Тарих және құқық институтында дәріс оқуда
Тарих және құқық институтына Еуропа мен АҚШ-та танымал ғалым, Холокост және Екінші дүниежүзілік соғыс тарихын зерттеуші маман, Израильдегі Ариэль университетінің профессоры, доктор Кирилл Феферман магистранттар мен докторанттарға дәріс өткізуге шақырылды.
Профессор Феферман ұсынған қызықты курстардың бірі «Екінші дүниежүзілік соғыстың дүниежүзілік тарихтағы орны» деп аталады. Бұл курстың мазмұны институттың білім алушылары арасында қызығушылық тудырып отыр. Дәрістер 2023 жылдың 19 қыркүйегінен 17 қазанына дейінгі аралықта өтеді.
Сонымен қатар, профессор К.Феферман «Академик Т.С.Садықов атындағы Қазақстан тарихы» кафедрасының магистранттары мен докторанттарына диссертациялық жұмыстарды даярлауға және жүргізілген зерттеулердің нәтижесіне сәйкес кеңес беру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Кафедраның білім алушылары шетелдік ғалымдардың тәжірибесімен, зерттеулерімен тереңірек танысуға мүмкіндік алып отыр.