қазақша · русский · english
   
  Main  News
12.10.2023

«Британ университеттерінің үлгісінде ЖОО кірістерін әртараптандыру» дәрісі

 

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділ Қазақстанның экономикалық бағыты» жолдауын іске асырудағы маңызды кезең аясында 2023 жылғы 10 қазанда қаржы және инфрақұрылымды дамыту жөніндегі проректор Клара Исакованың «Британ университеттерінің үлгісінде ЖОО кірістерін әртараптандыру» дәрісі өтті. Іс-шараға профессор-оқытушылар құрамы, университет қызметкерлері қатысты.

 

ҚР Президенті Жолдауының негізгі міндеттерінің бірі - азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыру. Дәріс Британдық университеттердің кірістерді әртараптандыру саласындағы тәжірибесін қарастыруға бірегей мүмкіндік берді. Бұл аспект - экономикалық қиындықтар жағдайында білім беруді дамыту стратегиясының маңызды элементі.

 

Клара Исакова білім беру ұйымдарының қаржыландыру көздерін қалай тиімді әртараптандыруға, сол арқылы білім беру үдерісінің тұрақтылығы мен сапасын қамтамасыз етуге болатыны туралы мысалдар келтірді. Жоғары оқу орындарының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету қажеттілігі талқыланды. Кірістерді әртараптандыру университеттердің білім сапасын қолдау және инфрақұрылымын дамыту қызметінің маңызды бөлігіне айналуда.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=