Main /
Mass media about us
12.10.2023 Құқықтық мәдениетке қатысты жиын өтті «Педагогикалық қызметкерлердің құқықтық мәдениеті: Ашықтық. Адалдық. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» дөңгелек үстелі
2023 жылдың 11 қазанында Абай университетінде «Жастардың құқықтық сауаттылығын және жастардың құқық қорғау органдарына деген сенім деңгейін арттыру жөніндегі шаралар кешенін өткізу» әлеуметтік жобасы аясында «Педагогикалық қызметкерлердің құқықтық мәдениеті: Ашықтық. Адалдық. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» дөңгелек үстелі өтті. Іс-шара «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» республикалық қоғамдық бірлестігінің Алматы қалалық филиалымен бірлесіп ұйымдастырылды.
Іс-шараға «Жаңару» РҚБ төрағасының орынбасары Бейбіт Мамраев, Абай атындағы ҚазҰПУ Басқарма төрағасы - ректор Болат Тілеп, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Арман Рахимов, Алматы қаласы мәслихатының төрағасы Мейіржан Отыншиев, «Жаңару» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» РҚБ Алматы қалалық филиалының директоры Борис Жапаров, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің Превенция басқармасының басшысы Қанат Сәлімбаев, Алматы қаласы полиция департаментінің өкілі Бауыржан Тәжібаев, Абай университетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің басшысы Сабыр Түменбаев, құқықтық мәдениет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы жетекші сарапшылар мен практиктер, оқу орнының профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері қатысты.
Бейбіт Мамраев іс-шарада талқыланатын мәселенің өзектілігіне тоқталып, болашақ педагог тұлғасын қалыптастырудың маңыздылығын, олардың қоғамдағы орнын және ашық диалогқа дайын болу, мемлекеттің идеологиясы мен саясатын түсіну қажеттігін атап өтті. «Еліміздің болашағы әрқайсымызға байланысты. Ұлтты қалыптастыратын үш құндылық бар: еңбекқорлық, қарапайымдылық және үлкендерге құрмет. Бүгінгі кездесу бір-бірімізбен тәжірибе алмасуға, озық тәжірибені талқылауға және оқу орындарында құқықтық мәдениетті нығайту жолдарын қарастыруға мүмкіндік береді», - деді Б.Б.Мамраев.
Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға ықпал ететін себептер түсіндіріліп, құқықтық сауаттылық саласындағы озық тәжірибелер ұсынылды. Талқылау ашықтық, адалдық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді іс-қимыл мәселелеріне, әсіресе білім беру және педагогикалық қызмет контекстіне бағытталды. Қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі және құқықтық мәдениетті нығайтудағы өзекті сын-қатерлерге байланысты мәселелерді белсенді талқылап, тәжірибе алмасты.
12.10.2023 ж. Ақпарат көзі: qazaqadebieti.kz
|