қазақша · русский · english
   
  Main  News
16.10.2023

Ғылыми-әдістемелік семинар

 

2023 жылдың 16 қазан күні Жаратылыстану және география институты химия кафедрасының ғылыми-әдістемелік семинары өтті.

 

Семинарда кафедраның аға оқытушысы Луиза Нугманова «Сабаққа қатысу және талдау үлгісі» тақырыбында шеберлік сабағын өтті. Студенттердің педагогикалық практика кезінде сабақтарына қатысу, өзара тәжірибе алмасу - кәсіби өсуінің факторларының бірі болып табылады. Семинарда Луиза Нугманова мектепте білім беру үрдісіндегі сабақтың параметрлері, сабақ өткізу әдістемелерін айта отырып семинар тақырыбы бойынша негізгі мәселелерді айтып өтті.

 

Мектептегі педагогикалық практикадан өтіп жүрген студенттердің сабақтарына қатыса отырып, сабақтарын талдаудың жаңа үлгісімен таныстырды. Сабақты әділетті бағалауға, қорытындылап және ұсыныс жасауға ыңғайлы құрастырылған кесте түріндегі жасалған картаны кафедра оқытушыларымен бөлісті.

 

  alt=  

 

  alt=