Main
News
20.10.2023 Диссертацияны талқылау сәтті өтті
2023 жылдың 18 қазанында Жаратылыстану-география институтының Химия кафедрасында «6D011200 - Химия» мамандығы бойынша философия докторы дәрежесін (РhD) алу үшін Арайлым Утемисованың «Жоғары оқу орындарында білім беру үдерісін гуманизациялаудың теориясы мен әдістемесі (химияны оқыту мысалында)» тақырыбындағы диссертациялық жұмысын талқылауға арналған кеңейтілген отырыс өтті. Ғылыми кеңесшілері: профессор Жеңіс Шоқыбаев Абай атындағы ҚазҰПУ (Алматы қ., Қазақстан). профессор Юлия Гавронсая А.И.Герцен атындағы Ресей мемлекеттік педагогикалық университеті (Санкт-Петербург қ., Ресей Федерациясы).
Отырыс оффлайн және ZOOM платформасында онлайн форматта өтті. Отырыс төрайымы профессор Жазира Мұқатаева қатысушыларды күн тәртібімен таныстырып, ізденушіге сөз берді.
Баяндама аудиторияның қызығушылығын тудырды, кафедра оқытушылары мен кеңейтілген отырыстың қонақтары сұрақтар қойып, қорытынды пікірталасқа белсенді қатысты. Cөз сөйлеушілер Арайлым Утемисованың ғылыми зерттеуін жоғары бағалады.
Докторантымызды талқылау процедурасынан өтуімен құттықтаймыз және аталмыш диссертациясын сәтті қорғап шығуын тілейміз!
|