қазақша · русский · english
   
  Main  News
23.10.2023

Абай университетінің магистрантына жоғары стипендия тағайындалды

 

Абай университеті Сорбонна-Қазақстан институтының екінші курс магистранты Лиана Алиеваға Назарбаев стипендиясы тағайындалды. Магистрант Сорбонна-Қазақстан институтында «5В050800-Есеп және аудит» бакалавр бағдарламасын сәтті аяқтап, оқуда керемет жетістіктерін көрсетті. Лиананың еңбекқорлығы мен жоғары академиялық жетістіктері аталған стипендияның екінші жыл қатарынан иегері болуына мүмкіндік берді.

 

Университетіміздің үміті мен болашағы әрқашан дарынды жастармен байланысты, сондықтан біз жастардың лайықты тәрбие, білім мен дағдыларды алуына ерекше көңіл бөлеміз.

 

Бұл мүміндік мемлекеттің жас ғалымдар мен студенттерге білім беруді жалғастыруға және ғылыми зерттеулер саласында ілгерілеуге мүмкіндік бере отырып, оларды қолдауға деген ұмтылысын көрсетеді. Қазақстанда жастарды қолдау мәселелеріне көп көңіл бөлінеді. Ел басшылығы республикамыздың болашақ әл-ауқатының іргетасын дәл солар салу керектігін түсінеді.

 

Бұл жетістік тарихы барша жастарға үлгі болып, еңбексүйгіштіктің, білімділіктің және білім алу мүмкіндіктерін қолдаудың маңыздылығын көрсетеді.

 

  alt=