Психолог-магистранттар практикадан өту аясында мектепте кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізді
2023 жылғы 26 қазанда Педагогика және психология институты жалпы және қолданбалы психология кафедрасының «7М03116 - Психологиялық диагностика және қабілеттерді дамыту» ББ бойынша білім алушы магистранттар Алматы қаласының КММ «№68 мектеп-гимназиясының» 11 сынып оқушыларымен кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді. Институт ұйымдастырған кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізу барысында кафедра доценті Кунслу Тусубекова оқушыларға ақпараттық негізде сөз сөйлеп, 2 курс магистранты Ақжан Ботатаева кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізуге мүмкіндік берді. Ол оқушыларға «Психология» мамандығы туралы толыққанды мәлімет беріп, Педагогика және психология институтында жабдықталған кабинеттермен және «Тұлғаның психологиялық диагностикасы» оқу-зерттеу зертханасымен таныстыру мақсатындағы бейнероликті ұсынды. Сондай-ақ, магистрант оқушылардың қызығушылығын туғызып, психологияны әрі қарай терең зерттеуге түрткі болар жаттығулар кіріктірілген шағын тренинг өткізді. Жүргізілген іс-шараның нәтижесінде бірнеше оқушы болашақта «Психология» мамандығы бойынша оқуға ниет білдіріп, 2024 жылы «Психология» маманды бойынша институтқа оқуға түсу үшін кеңес алуға жазылды.