«Білім алушылардың әлеуметтік-психологиялық денсаулығын өлшеу және бағалау» семинары
2023 жылдың 26 қазанында Педагогика және психология институтының «Педагогика және психология» кафедрасында «Білім беру процесінің жекелеген субъектілерінің әлеуметтік-психологиялық денсаулығын өлшеу және бағалау» жобасы аясында «Білім алушылардың әлеуметтік-психологиялық денсаулығын өлшеу және бағалау»тақырыбында ғылыми-тәжірибелік семинар өтті.
Семинар спикерлері Кошербаева А.Н. (п.ғ.д., профессор), Калимолдаева А.Қ. (PhD), Бегімбетова Г.А. (докторант, педагогика ғылымдарының магистрі), Джармұхамбетов М.А. (практик-психолог, педагогика ғылымдарының магистрі).
2022-2023 оқу жылында университеттің әр түрлі институттарынан: Педагогика және психология, Сорбонна-Қазақстан, Филология, математика, физика және информатика институттарының студенттері қатысты. Бірінші курс студенттеріне былтырғы оқу жылындағы білім алушылардың психологиялық жағдайы мен әлеуметтік салауаттылығын талдау және зерттеу нәтижелерімен таныстырып қана қоймай, қәзіргі кездегі студенттермен сұқбат жүргізілді. «Ментиметр» бағдарламасы арқылы сауалнама алынып, Лайкерт шкаласы бойынша білімалушылардың оқу үдерісіндегі әлеуметтік-психологиялық жағдайының деңгейі анықтады. Бұл ретте әлеуметтік-психологиялық секцияның қорытындысы бойынша студенттерге психолог Ж.Қ.Ақсақалова қажетті психологиялық қолдау көрсетті.