Main
News
30.10.2023 Жырау-ақын С.Нұрбаевтың «Қорқыт» дастанының тұсаукесері
Тұлғатанымдық кештің қонақтары: Ақиық ақын Мұқағалидың баласы - Жұлдыз Мұқағалиұлы, Тарланбоз жазушы, Қабдеш Жүмәділовтің баласы - Арман Қабдешұлы, журналисті, жазушы публисцист Әшірбек Көпішев және жырау-ақынның қызы - Абжанова Инабат Сүбебекқызы, Түркиялық ғалымдар Ахмет Боран мен Фатих бей және біздің университет профессоры Балтабай Әбдіғазиұлы қатысып, өзіндік пікірлерімен бөлісті. Кеште студенттер күй тартып, жыр жолдарынан композиция орындап, ақын шығармасына тілдік талдау жасап, ән айтты. Батырлықты дәріптеген жыраудың шығармашылығы туралы адамгершілік ойлар жиналғандарға жақсы әсер қалдырды.
Ұйымдастырушылар: доценттер Н.Ә. Ильясова, Е.М. Молдасанов және профессор М.Ә. Жүніс.
|