қазақша · русский · english
   
  Main  News
01.11.2023

Тәжірибе алмасу - шеберлікті шыңдайды

 

2023 жылдың 31 қазанында Абай университетінде SDU UNIVERSITY делегациясымен өзара тәжірибе алмасу аясында кездесу өтті.

 

Кездесудің мақсаты: білім беру бағдарламалары мен екі ЖОО білім алушыларының ішкі ұтқырлығын жүзеге асыру бойынша өзара диалог алаңын құру.

 

Абай университетіндегі Академиялық қызмет жөніндегі проректор Нарбекова Бану келген қонақтармен таныстырып, университеттің білім беру процесінің ерекшеліктеріне тоқталды.

 

SDU UNIVERSITY Оқу істері жөніндегі проректоры Богданчиков Андрей Владимирович өз сөзінде білім беру бағдарламаларын оқыту, екі ЖОО білім алушыларының ішкі ұтқырлығын тиімді жүзеге асыру мәселелерінің маңыздылығын атап өтті.

 

Басқосу инновациялық тәжірибені жинақтау мен кеңінен таратудың әлеуетті алаңы болды.

 

  alt=  

 

  alt=