қазақша · русский · english
   
  Main  News
31.10.2023

Алматы қалалық Полиция департаментінің қызметкерлерімен кездесу


Абай университеті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің ұйымдастыруымен университеттің Тарих және құқық институтының құқықтану кафедрасымен бірлесе отырып, Алматы қалалық полиция департаментінің басшылығы мен қызметкерлерімен кездесу өтті.


Жиынды Абай университетінің зерттеу қызметі және инновация жөніндегі проректоры Ермек Бөрібаев ашып, аталмыш шараның маңыздылығын атап өтті.


Полиция департаменті бастығының орынбасары Олжас Мырзабеков шараның маңыздылығына тоқтала келе, бөлімдегі кәсіби қызметті таңдау, есірткі қылмысымен күрес және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша өзекті мәселелерге тоқталды. Оның баяндамасында Алматыдағы жол полициясының жұмысы мен есірткінің заңсыз айналымының алдын алу бойынша атқарылып жатқан шаралар туралы айтылды. Олжас Мырзабеков болашақ заңгерлердің жауапкершілігіне баса назар аударып, олардың қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлі зор екенін атап өтті. Полиция қызметкерлері сондай-ақ талаптар мен әлеуметтік жеңілдіктер, қауіпсіздік пен азаматтардың мінез-құлық стандарттарын талқылады.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

Қоғаммен байланыс департаменті