Main
News
01.11.2023 Постдокторанттардың қорытынды аттестациясы өтті
Ғылым саласындағы кадр резервінің әлеуетін кеңейту үшін жыл сайын университет конкурс тәртібімен постдокторанттар пулын қалыптастырады. Постдокторантура бағдарламасы университетте 2019 жылы енгізілді, және бүгінгі күні олардың саны 3-тен 21-ге дейін өсті. Абай атындағы ҚазҰПУ Ғылым департаментінің үйлестіруімен постдокторанттар ғылымның барлық салаларында зерттеулер жүргізіп, оны дамыта отыра, білімнің жаңа көкжиегін ашады. Осы жылы постдокторантура бағдарламасын 7 жас зерттеуші аяқтайды.
2023 жылдың 31 қазанында 7 постдокторант Лайсханов Шахислам, Сапарғалиева Баян, Сейлхан Айнұр, Серікова Самал, Байкулова Әйгерім, Молдағали Бақытгүл және Акимбекова Шырын қорытынды аттестациядан өтті.
Бағдарлама аясында біздің постдокторанттар үлкен жетістіктерге жетті. 1 постдокторант ҚР «Жоғары оқу орнының Үздік оқытушысы» атанды, 2 постдокторант талантты жас ғалымдарға арналған мемлекеттік стипендияны ұтты, 1 постдокторант «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты атанды. 2021 жылдан бастап 2023 жылға дейін постдокторанттар Scopus және WoS базасының рецензияланатын журналдарында 55 мақала жариялады, оның ішінде СiteScore бойынша жоғары процентильді журналдарда 29 жарияланым (процентиль 50-ден кем емес және Q1, Q2-ден кем емес) және ҚР ҒЖБМ ҒЖБССҚК ұсынған журналдарда 81 мақала жарияланды. Постдокторантура бағдарлама түлектерінің арасында ҚР ҒЖБМ қаржыландыратын ғылыми жобалардың, сондай-ақ халықаралық жобалардың жетекшілері бар. Түлектеріміздің ғылыми көрсеткіштері қабылдау кезеңіндегі көрсеткіштерімен салыстырғанда айтарлықтай өсті. Мысалы, Сейлхан Айнұрдың Хирш индексі 1-ден 7-ге дейін өсті, бұл бүгінгі таңда университет ПОҚ арасында ең жоғары көрсеткіш болып табылады; Лайсханов Шахислам оқу кезеңінде ҚР «Жоғары оқу орнының Үздік Оқытушысы» атағын және талантты жас ғалымдарға арналған мемлекеттік стипендия иегері атанды, ҚР ҒЖБМ қаржыландыратын 2 ғылыми жобаны басқарады; Байкулова Әйгерім постдокторантурада оқу барысында талантты жас ғалымдарға арналған мемлекеттік стипендия иегері атанды және қауымдастырылған профессор атағын алды; Сапарғалиева Баян KAZDUAL «Қазақстанда дуалды жүйені енгізу» тақырыбы бойынша Erasmus+ халықаралық жобасының бас үйлестірушісі. Бұл нәтижелер біздің университеттің зерттеу әлеуетін арттыруға, сондай-ақ оның әлемдік рейтингтердегі көрсеткіштерін арттыруға оң әсер етеді.
Біздің түлектеріміздің нәтижелеріне сүйене отыра, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіндегі Постдокторлық бағдарлама жас зерттеушілерге зерттеу әлеуетін, метрикалық көрсеткіштерін арттыруға, кәсіби дағдыларын кеңейтуге және өздерінің ғылыми салаларында көрнекті нәтижелерге қол жеткізу үшін ерекше алаң деп айта аламыз. Бағдарлама - зерттеуші мансабындағы маңызды кезең, табысты және нәтижелі ғылыми өсуге дайындайды және тек елімізе ғана емес, халықаралық деңгейдегі ғылыми зерттеулердің дамуына ықпал етеді.
Түлектерімізге алдағы уақытта ғылыми жетістіктер және шығармашылық табыс тілейміз!
|