Main
News
31.07.2017
ЖАСАҚ ЖҰМЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ
Университет басшылығының қолдауымен жыл сайын жазғы маусымда Студенттік құрылыс жасағы мен «Жасыл Ел» еңбек жасағы құрылып, құрамына еңбек шарты негізінде студенттер жұмысқа қабылданады. Биылғы оқу жылы «Жасыл ел» еңбек жасағы қатарына 50 сарбаз жұмысқа қабылданып, оларға университет қаражаты есебінен арнайы жалақы тағайындалды. Бүгінде еңбек жасағы университеттің 5 студенттік жатақханасында, 7 оқу ғимаратында жөндеу жұмыстарын жүргізіп, университет аумағындағы тазалық жұмыстарына жұмылдырылды. Жұмыс ауқымдылығына орай, еңбек жасағы екі топқа (бригада) бөлініп, белгіленген нысандарда жұмыс тиімділігі артты. 2017 жылдың 23 шілдесі күні Тәрбие басқармасы жасылелдіктердің хал-жағдайлары және атқарылып жатқан жұмыстар барысымен танысу мақсатында жасақ сарбаздарымен кездесу өткізді. Шара барысында жасақтың топ жетекшілері атқарылған жұмыстар туралы толыққанды ақпарат берді. Сонымен қатар жасақ қала көлемінде ұйымдастырылған сенбіліктер мен абаттандыру жұмыстарына жұмылдырылғандығын атап кетті. Өз кезегінде басқарма қызметкерлері өткен жылдың жұмыс қорытындысы бойынша университетіміздің «Жасыл Ел» еңбек жасағы қаламыздың «Ең үздік еңбек жасағы» атағына ие болғандығын тілге тиек етіп, жастардың еңбекке деген қызығушылықтарын арттыру, белсенді жастарды ынталандыру мақсатында осы маусымда еңбек етіп жүрген жасақ сарбаздары арасында «Үздік топ», «Үздік сарбаз» және тағы басқа да номинациялар бойынша байқау өтетіндігін хабардар етті. Сонымен қатар, жасақ құрамындағы жастардың демалысын тиімді өткізу мақсатында тамыз айында Студенттік кәсіподақ ұйымы Қапшағай аумағында екі күндік демалыс ұйымдастыратындығын және жұмыс маусымында белсенділігімен ерекшеленген екі сарбаз «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне жолданатындығын атап өтті. Жазғы маусымда жастарды уақытша жұмыспен қамту бағдарламалары олардың еңбекке деген сүйіспеншілігі мен ұжымда жұмыс жасай білу қабілеттерін арттыратыны сөзсіз.
Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі басқармасы
|