қазақша · русский · english
   
  Main  News
09.08.2017

 

ЕҢБЕК ЕТ ТЕ МАҚТАН, ОЙНАП-КҮЛ ДЕ ШАТТАН...


           Биылғы жазғы маусымда екі ай бойы тынымсыз еңбек етіп, ауқымды жұмыс атқарған  Студенттік құрылыс жасағының еңбек маусымы да өз мәресіне жетті.

            Жасақ құрамында еңбек еткен жастарға университет және «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының республикалық штабының тарапынан ай сайын еңбек ақы тағайындалып, жатақханада тегін тұру мүмкіндігі берілді. Жастар үшін жұмыстан тыс уақытта түрлі қоғамдық  іс-шаралар, би кештері мен спорттық сайыстар ұйымдастырылды.

            Еңбек маусымының нәтижелі аяқталуына орай  Студенттік кәсіподақ ұйымы ағымдағы жылдың 4-5 тамыз күндері жасақ құрамында қажырлы еңбек еткен сарбаздарға Қапшағай аумағындағы «Ұстаз» демалыс орнында екі күндік демалыс  ұйымдастырды.  Демалыс аясында  жастарға түрлі ойын-сауық бағдарламалары,  көңілді би кеші мен түрлі байқаулар өткізілді. Жасақ құрамында өзінің  тиянақты еңбегі және аса белсенділігімен ерекшеленген  студенттер Өтежанова Әсия, Үмбетжан Әйгерім, Сейдуллаева Айсара, Бейсенбин Айдын, Мектепбергенов Нұрбек,  Боранбай  Жібек, Тұрсынғали Серік университет атынан  Астана қаласында өтіп жатқан  «ЕХРО-2017»  Халықаралық мамандандырылған көрмесіне  жолдама алды.  

          Студенттік құрылыс жасағы - бұл тұлғаның мінезі сыналып, еңбекке деген қызығушылығын арттыратын, ұжымдық бірлікке тәрбиелейтін еңбек майданы. Дәстүрге айналған бұл еңбек маусымы келесі жылы да өз жалғасын табады деген сенімін білдіре отырып, университет жастары осындай  игі бастаманың жандануына қолдау көрсетіп отырған білім ордамыздың ректоры Балықбаев Такир Оспанұлына үлкен алғысын білдіруде.  

    

 

Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және

 жастар саясаты жөніндегі басқарма