Main
News
08.11.2023 Ректор бітіруші курс студентінің ашық сабағына қатысты
2023 жылдың 7 қарашасында Абай атындағы ҚазҰПУ Басқарма төрағасы-ректор Болат Тілеп Қ.Қатықбаева атындағы №168 мектеп-гимназиясында ашық сабаққа қатысты. Ашық сабақты Жаратылыстану және география институтының «Биология» білім беру бағдарламасының 4 курс студенті Динара Омарова өткізді. Сабаққа Академиялық мәселелер департаментінің, Қоғаммен байланыс департаментінің, Жаратылыстану және география институтының, «Мансап» орталығының және мектеп-гимназияның басшылары қатысты.
Ашық сабақ «Ағзаның ішкі ортасы және оның маңызы» тақырыбына арналып, ағзадағы ішкі процестердің қызметі мен маңызына тоқталды. Сабақ барысында студент күрделі терминдерге нақты және егжей-тегжейлі түсініктеме беріп, аудиторияны оқу процесіне тарту қабілетін көрсете отырып, тамаша оқытушылық шеберлігін көрсетті. Оқушылардың белсенді қатысуы да байқалды, бұл топтық жұмысты сәтті бағалауға ықпал етті. Сабақ жоғары деңгейде өткізілді.
Мұндай іс-шараға ректордың және басқа да қонақтардың қатысуы студенттердің бастамаларын қолдаудың айқын үлгісі болып табылады және білім беру мен даму үдерісінде университет басшылығы мен студенттердің өзара әрекеттесуінің маңыздылығын көрсетеді.
Болат Тілеп студенттеріміздің үнемі озық біліммен қарулануына бағытталатын білім беру ортасын қалыптастырудың маңыздылығына тоқталып, студенттер университеттің зияткерлік дамуының негізгі драйверлері екенін атап өтті. Сондай-ақ мектеп оқушыларын елі мен қазақстандықтардың болашақ ұрпағы үшін аса қажет педагогикалық мамандықты таңдауға шақырды.
Сабақ соңында ректор студентке және оның барлық тәлімгерлеріне бүгінгі жоғары деңгейде ұйымдастырылған сабақ барысы үшін алғыс айтты.
Қоғаммен байланыс департаменті |