Main
News
22.02.2013 2013 жылдың 18-ақпаны күні Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы ҚР Білім және ғылым министрлігі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің Республикалық оқу-әдістемелік Кеңесінің «Білім» тобы мамандықтары бойынша оқу-әдістемелік секциясының «Қазақстанның ұлттық біліктілік шеңберін қалыптастырудың проблемалары» тақырыбында мәжілісі өтті. Мәжіліске ҚР БжҒМ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің РОӘК «Білім» тобындағы мамандықтары бойынша ОӘС-ның президиум мүшелері және еліміздің жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты. Мәжілісті университет ректоры С.Ж. Пірәлиев ашып, көтеріліп отырған проблеманың өзектілігіне тоқталды. Мәжіліс барысында Абай атындағы ҚазҰПУ-нің оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры Ғ.Қ. Кенжебаев «Біліктілік шеңбер кәсіби білім беру сапасын арттыру құралы», Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры Н.Р. Аршабеков «Ұлттық біліктілік жүйе тұрғысында жоғары педагогикалық білім беру мәселелері», Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры А.А. Нұрмағамбетов «Ұлттық біліктілік шеңбер - мамандарды даярлаудың сапалық өлшемі ретінде», Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің профессоры, п.ғ.д. С.Н. Жиенбаева «Кәсіби стандарт - біліктілік шеңберінің негізі» тақырыбында баяндамалар жасады. Қатысушылар ұлттық біліктілік шеңбер төңірегіндегі өз ойларын ортаға салды. Мәжіліс соңында резолюция қабылданды және Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы РОӘК «Білім» тобы мамандықтары бойынша ОӘС-нің грифімен жарық көру үшін баспадан шығаруға ұсынылған оқулықтар мен оқу құралдары талқылаудан өтті. |