"Ділмар" шешендік өнер байқауы өтті
Жастар арасында алғаш рет жүлде қоры қомақты, мазмұндық деңгейі жоғары, сайыс шарттары кемелденген екінші республикалық "Ділмар" шешендік өнер байқауы өте сәтті, табысты өтті.
Еліміздің 9 өңіріндегі 14 жоғарғы оқу орнының студенті сөз додасына түсіп, сөйлеу шеберлігін көрсетті. Алғаш рет суырып салма шешендік қабілетін әйгілеп, ой ұшқырлығы мен сөз тапқыштығын сыннан өткізген шешендік байқаудың бас демеушісі - ата-бабаларымызлың асыл мұрасын ардақтаушы "Атамұра" корпорациясының президенті, ұлт жанашыры, қоғам қайраткері Рақымғали Абрарұлы. Екінші мәрте қатарынан қаржылық қолдау жасаған ағамыз осы жолғы байқауға 2 миллион теңге бөліп, аталы сөзді ардақтаудың ең озық үлгісін көрсетті. Сондай-ақ, 14 қатысушыға "Атамұра" баспасынан жарық көрген қаламгерлердің 28 кітабын сыйға тартты. Осылайша барлық қатысушы атымтай ағамыздың шын қолдауын сезініп алғыс айтты. Мәртебеңіз асқақтай берсін, ардақты аға!
Байқау қорытындысы мынадай:
Бас жүлде иегері(500 000₸) - Наурзхан Шыңғыс Ерболұлы, С. Демирел университетінің 1-курс студенті.
1-орын иегері(300 000₸) - Алтынбекова Динара, Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің 1-курс студенті.
2-орын иегерлері(150 000₸) - Орынқожа Талғат, ҚБТУ-дың Автоматтандыру және басқару факультетінің 1-курс студенті.
Қалиханова Нұрай, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің 3-курс студенті.
3-орын иегерлері(70 000₸) - Байымбетова Айкөркем,
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің 1-курс студенті. Нұрмұханов Бекжан, М.Оспанов атындағы Батыс Қащақстан медицина университетінің 4-курс студенті.
Тасмұратова Дана, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 1-курс студенті.
Сондай-ақ, 7 қатысушыға 20 000 теңгеден арнайы жүлде берілді.
Байқауға демеушілік жасаған ұлт жанашыры Рақымғали Абрарұлына, төрін ұсынып үйымдастырған Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ба шылығына, "Ұлттық тәрбие" орталығына және ақпараттық қолдау жасаған БАҚ өкілдеріне рақмет айтып табыс тілейміз!
10.11.2023 ж.
Ақпарат көзі: qamshy.kz