қазақша · русский · english
   
  Main  News
10.11.2023

Реджио-педагогикасына негізделген шеберлік сыныптары

 

2023 жылғы 8 қарашада Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Педагогика және психология институтында «Мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі трендтердің тәжірибеге трансформациялануы (Реджио-педагогика негізінде)» халықаралық коворкингтің аясында бірнеше шеберлік сабақтар үш локацияда өткізілді.

 

Шеберлік сабақтарды ҚР Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының «Қарлығаш балабақшасы» РМК әдіскері, (Астана) «Мега жоба: балалар қарым-қатынасын дамыту үшін реджио кеңістігін құру» тақырыбында тренер Сәрсебаева Жұлдыз, екінші шеберлік сабақты психолог, Еcers-3 сапасын бағалау жөніндегі сарапшы, «Аламан» балабақшасының негізін қалаушы, құрылтайшысы Арыстан Күнімжан (Шымкент) «Реджиомен шабыттанған балабақшадағы педагогтің жұмыс істеу тәсілдері» тақырыбында жүргізсе, үшінші шеберлік сабақты Абай университетінің «8D01201-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының 3 курс докторанты -Ергембекова Динара және Алматы облысы бойынша кәсіптік даму институтының, «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ (Талдықорған) өкілдігінің әдіскері Ергасенова Гүлнар «Мектепке жасына дейінгі балалардың Реджио педагогика негізінде жобалық іс әрекетке даярлықтарын дамыту» тақырыбында өткізді.

 

Шеберлік сабақтарына қатысу барлық қатысушыларға талқыланатын мәселеге қатысуға мүмкіндік берді, бұл жаңа білім мен тәжірибелік дағдыларды меңгеруге ықпал етті.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=