қазақша · русский · english
   
  Main  News
13.11.2023

Абай университетінің зерттеу қызметі жөніндегі проректоры ашық сабаққа қатысты

 

№33 мектеп-лицейінде Абай атындағы ҚазҰПУ зерттеу қызметі жөніндегі проректоры Ермек Бөрібаевтың қатысуымен Математика, физика және информатика институтының «6В01505- ағылшын тілінде оқытатын Физика» мамандығының 4-курс студент-практиканты Ибраимова Шахнозаның ашық сабағы өтті. Сондай-ақ, университет пен мектеп өкілдері қатысты.

 

Ибраимова Шахноза физика сабағын ағылшын тілінде өткізді, оқушылар қойылған сұрақтарға ағылшын тілінде де белсенді жауап берді. Сабақта оқытудың заманауи технологиялары мен интерактивті әдістері қолданылды. Сабақ соңында рефлексия өткізілді, онда оқушылар болашақ мұғалімге «өте жақсы» баға берді. Сабақ бәріне ұнады.

 

Сабақ соңында барлық қатысушылар өткізілген сабақты талдап, талқылады, студентке одан әрі жетілдіру және кәсіби дамуына пікірлері мен тілектерін білдірді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=