қазақша · русский · english
   
  Main  News
13.11.2023

Педагогикалық қайта даярлау курсының тыңдаушыларымен онлайн кездесу


Үздіксіз білім беру орталығының бастамасымен 2023 жылдың 8-9 қарашасында педагогикалық қайта даярлау курсының тыңдаушыларымен кезекті онлайн кездесу өтті. Іс-шарада университеттің Ғылыми кітапханасының директоры Нұргүл Имансыдықова сөз сөйлеп, кітапхана қоры туралы толыққанды ақпарат берді, оқу үрдісінде кітапхана қорын пайдаланудың маңыздылығын атап өтті. Жиын барысында Ақпараттық технологиялар басқармасының басшысы Айжан Атантаева электронды ресурстарды пайдалану және ақпарат іздеу және тағы да басқа мәліметтер базасы туралы айтып өтті. Одан кейін кездесу сұрақ-жауап форматында жалғасты. Үздіксіз білім беру орталығы апта сайын оқушылардың үлгеріміне мониторинг жүргізіп, оқу үдерісіне қатысты жалпы мәселелерді талқылады.


Атап кететін жайт, қазан айында педагогикалық қайта даярлау курстарына 100-ден астам тыңдаушы қабылданып, топтарға бөлінген. Олардың арасында «Тәлімгер жолы» жобасының грант иегерлері, сондай-ақ, «Жаңа буын мектебі NGS» ЖШС мектеп өкілдері де бар.


Кездесу қорытындысында курс тыңдаушылары ұйымдастырушыларға танымдық және пайдалы ақпарат үшін алғыстарын білдіріп, курсқа қатысты өз тілектері мен пікірлерін білдірді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

Үздіксіз білім беру орталығы