қазақша · русский · english
   
  Main  News
16.11.2023

Тағылымы мол кездесу

 

2023 жылдың 15 қарашасында Абай университетінің студенттері белгілі ақын, Қазақстан «Серпер» жастар сыйлығының, Т.Айбергенов атындағы сыйлықтың және Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының, «Алтын қалам» қоғамдық сыйлығының иегері, «Қазақ әдебиетін қолдау» қоғамдық қорының жетекшісі, «Болмаған балалық шақ» повесінің авторы Ақберен Елгезекпен кездесті. Кездесу «Ұлттық тәрбие» орталығы мен Филология иниститутының ұйымдастыруымен өтті.

 

Ректор Болат Тілеп Ақберен Елгезектің әдебиетке қосқан үлесі, шығармашылығы туралы сөз өрбітіп қонаққа университетіміздің мерейтойлық медалін табыс етті.


Кездесуде университет студенттерінен құралған «Үркер» театры ақынның сөзіне жазылған әндерді орындап, өлеңдерін оқып кештің көркін қыздырды. Кездесуге жиналған әдебиет сүйер әлеумет ақынға біршама сұрақтар қойып көкейіндегі сауалдарға жауап тапты. Қатысушылар кездесуді ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=