қазақша · русский · english
   
  Main  News
17.11.2023

«Қағаз қалдықтарына екінші өмір сыйлаймыз» конкурсының жеңімпаздары марапатталды

 

2023 жылдың 17 қарашасында ЮНЕСКО Педагогика және мұғалімдерді даярлау кафедрасының қолдауымен «Аяла» экоклубының ұйымдастыруымен «Қағаз қалдықтарына екінші өмір сыйлаймыз» тақырыбында конкурс жеңімпаздарының дипломдары табысталды. Іс-шара мақсаты - қағаз және картон бұйымдарын қайта өңдеу арқылы екінші өмір беру, осы шикізатқа үнемді және ұқыпты қарауды арттыру. Конкурс қорытындысы бойынша үздік қатысушылар диплом және арнайы сыйлықтармен марапатталды. Конкурс нәтижелерін география және экология кафедрасының комиссиясы (Жүсіпова Д. Б., Бакирова К.Ш., Сабденалиева Г. М., Тілекова Ж. Т., Қалдыбаева Ж. Б.) қорытындылады.

 

Жүлде иегерлері:

1 орынды «6В05202-Экология» мамандығының орыс бөлімінің 4 курс студенттері Джаббарова Эмилия мен Чайка Ксеняның «Біздің планета - біздің үйіміз» жұмысы иеленді.

2 орынды «Биология білімі» мамандығының 1 курс студенті Абдувалиева Айдананың «Үкі» шығармасы және «Экология» мамандығының 4 курс студенттері Әлімханова Айдана мен Бақытбек Нұрсипаттың «Әдемі аққу» шығармасы бөлісті.

3-орын «6В05202-Экология» мамандығының 4 курс студенттері Абжан Перизат пен Рамазан Фатиманың «Солпаған гүлдер» жұмысына, «6В05202-Экология» мамандығының 3 курс студенттері Алханова Меруерт пен Иванова Анастасияның «Күз уақыты» себеттеріне бұйырды.

 

  alt=  

 

  alt=