қазақша · русский · english
   
  Main / Mass media about us
10.11.2023

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессорларымен аударма әдістерін талқылау

 


 

«Аударма сапасын бағалау: ғылыми және білім беру салалары» (2023-2025) атты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің гранттық қаржыландыру ғылыми жобасы аясында 2023 жылдың 9 қарашасында «Тілдер, лингвистика және әдебиеттер» кафедрасының меңгерушісі А.Ю. Фильченко мен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің өкілдері арасында кездесу өтті. Жоба Қазақстандағы ғылыми және білім беру саласындағы аударма сапасын бағалаудың жүйелі тәсілін әзірлеу мәселесін шешуге бағытталған.

 

Жоба жетекшісі профессор А.Қ. Жұмабекова және жобаның орындаушылары PhD студенттер А.А. Алдабергенова және Ж.Ж. Манапбаева ЖӘГҒ мектебінің «Тілдер, лингвистика және әдебиеттер» кафедрасының аударма теориясы мен тәжірибесіне тікелей немесе жанама қатысы бар қызметімен танысты, аударма сапасын бағалау мәселесінің өзектілігін талқылады және НУ мен Абай атындағы ҚазҰПУ профессорлары арасындағы болашақта өзара әрекеттесуге дайын екенін білдірді.

 

 

10.11.2023 ж.

Ақпарат көзі: ssh.nu.edu.kz