Main
News
20.11.2023 Қызылорда педагогикалық жоғары колледжімен ынтымақтастық шеңберіндегі халықаралық семинар-тренинг
2023 жылдың 18 қарашасында Қызылорда педагогикалық жоғары колледжімен ынтымақтастық аясында халықаралық семинар-тренинг өтті. Мақсаты - білім беру үрдісінің барлық қатысушыларының денсаулығын сақтау үшін мультимодальды стрессті басқарудың маңызын ашу. Ұйымдастырушылар - Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі, Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология институтының «Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика» кафедрасы.
Халықаралық семинар-тренингтің соңында қатысушыларға неміс үлгісіндегі сертификаттар мен семинар-тренингке белсенді қатысқаны үшін Абай атындағы ҚазҰПУ ПжПИ-ның сертификаты табысталды. Іс-шара нәтижесінде «АР19679368 білім берудегі цифрландыру жағдайында өскелең ұрпақтың психологиялық денсаулығын сақтаудың инновациялық технологиясы ретінде ертегі терапиясының интегративті тәсілі» тақырыбындағы жоба аясында студенттердің стресске төзімділігі психологиялық денсаулық критерийлерінің бірі ретінде қарастырылды.
|