Main
News
21.11.2023 Білім беру саласындағы мұғалімдер мен жас мамандар форумы
2023 жылдың 18 қарашасында Тарих және құқық институтының 4 курс студенттері Астана қаласында өткен «Жастар саясатының үздік көшбасшысы» форумына қатысты. Форумның мақсаты - оқу-ағарту саласының үздіктері, жас педагог мамандар мен қатар болашақ педагог ұстаздарға арналған конкурс қорытындысы бойынша марапаттау. Осы орайда 2023 жылдың 10 қазаны мен 11 қарашасы аралығында ұйымдастырылған конкурсқа «Әлем тарихы» кафедрасы «Тарих-құқықтану», «Тарих» мамандықтарының 4 курс студенттері қатысты.
Сайыс қорытындысы бойынша үздік деп танылған «Тарих-құқықтану», «Тарих» мамандығының студенттері - Рыспекова Д.,Жакыметова М., Пішпекова Ш.,Нұрмұханбет Н.,Ахмет Н., Ермен Б,. Сағынова Ш.,Бекмырза Ө.,Ақбаева А.,Мұқаш Ә.,Озатбек Е. «BILIM-ORKENIETI» Ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының төсбелгісімен марапатталды. Іс-шара Әлем тарихы кафедрасының оқытушысы Руслан Сейтқазиевтың жетекшілігімен ұйымдастырылды.
|