қазақша · русский · english
   
  Main  News
21.11.2023

«Кәсіпкерлік және маркетинг» шеберлік сабағы

 

2023 жылдың 20 қарашасында Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология институтының бастауыш білім беру кафедрасында «Smart Coach» инновациялық бизнес клубының ұйымдастыруымен «Кәсіпкерлік және маркетинг» тақырыбында «6B01302- Бастауыш білім бизнес инновациямен» мамандығының студенттерімен бірлескен шеберлік сабақ өткізілді. «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының директоры Мақсат Сералы, Yokohama, Nankang, Triangle шиналарының Қазақстандағы бас маркетологы Қуаныш Сейсембаев құнды тәжірибелерімен бөлісіп, студенттерге бизнес жүргізу және маркетинг бойынша практикалық кеңестер берді.


Студенттер кәсиби мамандардан инновациялық бизнес, мемлекеттік гранттар және кәсіпкерліктегі маркетингтің маңыздылығы туралы білім алды. Нарықта бәсекеге қабілетті маман болудың, клиенттерді тартудың, өнімді орналастырудың және бірегей ұсыныстар жасаудың заманауи әдістері талқыланды. Студенттер өздерінің мақсатты аудиториясы мен нарығына терең талдау жүргізуді үйренді.


Ең қызықты сәт студенттердің Start-up жобаларын таныстыруы болды. Жоба жетекшісі - 3-ші курс докторанты Балгинбаева Нұржауған өзекті мәселелерді шешу жолдарын көрсетті:1-ші жоба: Paraqtime - балаларға арналған комикс кітап (Г.Куралбайқызы,Г.Бүркітбай,Ә.Жолдасхан); 2-ші жоба: Ai-Qadam - Бастауыш сынып оқушыларына арналған сайт (А.Асқарқызы,Т.Закенова, М.Бабаханова, А.Ажибекова, Н.Куролова); 3-ші жоба: Zholdas - оқушыларға арналған танымдық ойыншық (Д.Алимбаева,Ж.Пернебай,Е.Ерсайын,Б.Смайыл).


Студенттер өздерінің оқудағы жетістіктерін ғана емес, кәсіпкерлік қызметке дайындығын да көрсетті. Эксперттер студенттердің дайындығын жоғары деңгейде бағалап, болашақта табысты түрде қолданылатынына сенім білдірді. Профессорлар Б.А. Альмухамбетов пен А.Т. Ақжолова болашақ педагог жан-жақты, заманауи, инноватор болуы керек деген пікірлерін айтып, қорытындылады. Шеберлік сабақ жағымды әсер қалдырып, студенттерді кәсіпкерлік және маркетинг саласындағы идеялары мен кәсіби дағдыларын одан әрі дамытуға шабыттандырды.

 

  alt=  

 

  alt=