Main
News
21.11.2023 Dance4life жобасы аясында «АИТВ/ЖИТС» тақырыбында тренинг өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында есірткінің, оның ішінде синтетикалық есірткінің таралуы болашақ ұрпақтың әл-ауқатына қауіп төндіретінін атап өткен болатын. Себебі, қазіргі кезде жастар арасында есірткіні пайдалану белең алуда.
Жастар арасында нашақорлықтың, маскүнемдіктің және АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу мақсатында өткен кездесуде, мамандар АИТВ - иммундық жүйені зақымдайтын, адамға өте қауіпті вирустардың бірі екеніне тоқталып, есірткісіз қоғам құру - Қазақстанның әрбір азаматының алдындағы міндет екенін атап өтті.
Шара барысында ЖИТС орталығының қызметкерлері үгіт-насихат жұмыстарын жүргізе отырып, студенттерді салауатты өмір салтын қалыптастыру мен жаман әдеттерден аулақ болуға шақырды. Тренинг соңында студенттер көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу туралы толыққанды мәлімет алды.
Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты департаменті |