қазақша · русский · english
   
  Main  News
22.11.2023

Ректордың Жаратылыстану және география институтының студенттерімен кездесуі

 

2023 жылдың 21 қарашасында Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Болат Тілеп Жаратылыстану және география институтының 1-4 курс студенттерімен кездесті. Мақсат - студенттік өмірге қатысты өзекті мәселелерді талқылау, сонымен қатар ашықтық қағидатын қалыптастыру.

 

Кездесу барысында университеттің академиялық және әлеуметтік салаларының түрлі аспектілері қарастырылды. Оқу үрдісін ұйымдастыруға, оның сапасына, педагогикалық практика мәселелеріне, жеңілдіктер беруге, инфрақұрылым мен жатақханаларды дамытуға ерекше көңіл бөлінді. Ағылшын тілі курстарын кеңейту және белсенді студенттерге әлеуметтік қолдау көрсету мәселелері де талқыланды.

 

Ректор кездесудің маңыздылығын және педагог мамандығының құндылығын атап өтті. Студенттердің педагогикалық практикаға қатысты пікіріне қызығушылық танытып, оны жетілдіру жолдарын, сонымен қатар кітапхана қорын кеңейту бойынша жоспарларымен бөлісті. Студенттердің ғылыми зерттеулерге белсенді қатысуына жағдай жасау және олардың кәсіби өсуіне қажетті мүмкіндіктерді қамтамасыз ету туралы да маңызды мәселелер көтерілді.

 

Кездесу барысында университеттің инфрақұрылымын дамыту жолдары, соның ішінде заманауи зертханалар мен аудиторияларды құрудың маңыздылығы атап өтілді. Студенттердің жатақханадағы жағдайын жақсарту мәселелері талқыланып, студенттердің халықаралық тәжірибе және білім алмасуға қызығушылығын қолдау мақсатында ағылшын тілі курстарын кеңейту туралы идеялар айтылды. Белсенді студенттерге әлеуметтік қолдау көрсетудің мүмкіндіктері мен бастамалары, соның ішінде шәкіртақы және басқа да түрлі шаралар талқыланды.

 

Ректор белсенді студенттерге университеттің дамуына қосқан үлестері үшін алғысын білдіріп, университет басшылығы мен студенттер арасындағы ашық диалог жалғасатынын айтты. Кездесу белсенді пікір алмасумен аяқталды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

Қоғаммен байланыс департаменті