қазақша · русский · english
   
  Main  News
23.11.2023

«Абай» студенттік апталығы: «Жайдарман» ойынының финалы

 

Абай университетінде «Абай» студенттік апталығы аясында «Жайдарман» ойынының финалы өтті. Финалда «50/50», «Көшедегілер», «Респект», «АКТ», «Абайла» и «Авангард» командалары бақ сынасты. Бұл шараның басты ерекшелігі қатысушылардың әлеуметтік, саяси және тұрмыстық жағдайларды әзіл форматында көрсетуінде болды. Түрлі өзекті тақырыптар қозғалып, студенттік өмір мен әлеуметтік желідегі қызықты сәттер ортаға салынды.

 

Ойын қорытындысы бойынша бірінші орынды «50/50» командасы, екінші орынды «Көшедегілер» командасы, үшінші орынды «Сыйластық» командасы жеңіп алды. Барлық қатысушыларға шығармашылықтары мен ынталары үшін алғыс айтамыз!

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=