қазақша · русский · english
   
  Main  News
24.11.2023

Ректордың Филология және Педагогика және психология институттарының студенттерімен кездесуі

 

2023 жылдың 23 қашасында Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Болат Тілеп Филология институты мен Педагогика және психология институтының 1-4 курс белсенді студенттерімен кездесу өткізді.

 

Студенттермен кездесуде ректор жеке тұлғаның және жалпы қоғамның дамуына ықпал ететін білім беру ортасын қалыптастырудағы болашақ педагог мамандарының рөлінің маңыздылығына тоқталып, студенттердің бастамалары мен жобаларын қолдауға дайын екендігін атап өтті. Ректор білім тек кәсіби білім беруге ғана емес, болашақтың саналы азаматтары мен көшбасшыларын қалыптастыруға арналғанын атап өтті. Сондай-ақ жаңа формациядағы педагог кадрларын дайындауда университеттің бәсекеге қабілеттілігін және жоғары деңгейдегі инновациялық мектептер үшін кадрлар даярлауда студенттердің біліктілік деңгейін арттыру жоспарларымен бөлісті.

 

Кездесуде оқу үрдісінің, студенттік өмірдің, әлеуметтік қолдаудың, педагогикалық және өндірістік практиканың, студенттердің шет тілін меңгеру деңгейін арттырудың, университет пен жатақхана инфрақұрылымының, оқу аудиторияларын интерактивті тақталармен және Интернетпен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, студенттік өмірді дамытуға бағытталған мәдени, спорттық және ғылыми бастамаларға қатысты өзекті мәселелер көтерілді.

 

Ректор білім сапасын арттыру бойынша сындарлы бастамаларды қарастырып, жүзеге асыруға, оқу жағдайлары мен студенттік ортаны жақсарту бойынша ұсыныстарды талқылауға дайын екенін жеткізді. Студенттік өзін-өзі басқару ұйымы студенттік өмірде белсенді болуға шақырылды.

 

Іс-шара студенттік өмірге қатысты мәселелерді талқылауда нәтижелі диалог пен ашық пікір алмасумен аяқталды. Мұндай кездесулер университет басшылығы мен оның студенттер қауымдастығы арасындағы байланысты нығайтуға ықпал етеді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

Қоғаммен байланыс департаменті