Main /
Mass media about us
23.11.2023 Қазақстан мәдениет және сауда орталығы студенттерге шәкітақы тағайындады
Ыстанбұлда Қазақстан мәдениет және сауда орталығында Республика күні және Түркия мемелекетінің 100 жылдығына орай мерекелік шара өтті.
Түркияның бір ғасырлық және Қазақстан мен Түркия елдері қарым қатынасының 31 жылдығы құрметіне 100 фото сурет қойылған көрме ашылды.
Оны тәуелсіздіктен соң шет елде Түркияда акретитацияға тіркелген бірінші Қазақ жұрналисі, әрі тұңғыш консул қызметін атқарған Ержан Уәйіс түсірген. 1992 жылы президент Тұргұт Озал жеке қабылдап, Қазақ тілшісіне фото аппарат сыйлаған еді, сол фото аппаратпен түсірген тарихи суреттерді ( яғни 30-31 жыл бұрын) Е.Уәйістің өзі мағлұмат берді.
Түркиядағы Қазақ іс адамдарының көшін бастаған Ғанимет Қайса басқаратын JS холдинігінің мәдениет және сауда орталығы Қазақтың мәдениеті мен өнерін нәсихаттап, Қазақ тілі - Ана тіліміздің аясын кеңейтіп, қайырымдылық істерін тұрақты атқарып келеді. Жыл басында Түркиядағы зіл - зала болған аймаққа 50 мың АҚШ долларын қаражатын аударды, арнайы контейнермен қоса жылы киімдер, көрпе жамылғыштар, 30 мың дана өз фабрикаларында жұмысшы қолғаптарын жөнелітті, орталық қызметкерлері Қазақстаннан келген кигіз үйлерді құрастырып шаңырағын көтеруге атсалысты.
Орталықта Түркияда оқитын студент жастардан құралған " Бірлік" қоғамдық ұйымына арнайы бөлме берілді. Осындағы жастар апта сайын бас қосып, Қазақ елін әлемге танытып, игі істер нәсихаттайтын болады, мәдени өмірге белсенді араласады. Мерекелік шарада төрағаның орынбасары, Дүние жүзі қазақтар қауымдастығының Түркияадағы өкілі, құрметті профессор Ержан Уәйіс сөз алып, жиналғандарды қос мерекемен құттықтады.
Республикамыздың тарихы, Қазақстан және Түркия мемлекеттер арасындағы байланыстарды, ғылым мен білім саласындағы жақсы жаңалықтарды тілге тиек етті, бүгінгі таңда Анадолы елінде 9 мыңдай Қазақ жастары оқып білім алуда.
"Бірлік" жастар ұйымының ұсынуы және холдинг басшысы Ғанимет Ғайсаның қолдауымен 5 білімгерге арнайы стипендия "шәкірт ақы" ай сайын тағайындалды. Eskişehir, Nalış, İstanbul, Aydın университеттерінің студенттері Сұңғыла, Әдел, Жібек, Ердос, Самал есімді жастарға Мустафа Кемал атындағы, Әлихан Бөкейхан атындағы, Қаныш Сәтбаев атындағы, Абай Құнанбайұлы атындағы, Дінмұхаммед Қонаев атындағы шәкірт ақыларды холдинг басшылары, қамқоршылық кеңесінің төрайымы Әсия Тілеуханқызы, Әли Илмаз, Серік Оразбай, халық аралық Д.Қонаев қорының алқа мүшесі, Д.Қонаев орденінің иегері Ержан Уәйіс тапсырды.
Сондай - ақ Орталықта жаңа жылдан соң ай сайын 30 студент жастарды тегін тамақпен қамтамасыз ету туралы шешім қабылдады. Мерекелік бас қосуда қамқоршылар кеңесінің төрайымы Әсия Тілеуханқызы , Ыстанбұлда түратын Қазақ диаспорасының көрнекті өкілдері Мәнсүр Тәйжі, Фазыл Топлы, "Қазақстан" теларнасының Түркиядағы тілшісі Айдос Әшім, "Бірлік" студент жастар қоғамының төрағасы Дидар Оқас құттықтау сөздерін арнады.
Мерекелік кеште өнер қайраткері танымал әнші Нұрлан Албан, Қазақ ұлттық консерваторияасының ғылыми қызметкері, өнер ғылымдарының магистрі Мәртебелі Бауыржанқызы, Айдидау есімімен танымал болған, Түркияа стадионында домбыра тартып, елді аузына қаратқан Айдана Қабдылова қазақтың қара домбырасында күй мен жырдан шашу шашып, халқымыздың ұлттық өнерін паш етті.
Мерекелік жиынға Ыстанбұлдағы Қазақ Бас консулдығының дипломаттары, Ыстанбұлда тұратын жергілікті Қазақ диаспорасының жастары, студенттеріміздің Түркиялық достары қатынасты.
Авторы: Ержан Уәйіс Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері 23.11.2023 ж. Ақпарат көзі: qazaqadebieti.kz
|