қазақша · русский · english
   
  Main  News
27.11.2023

«Көшбасшылар» Алматы қаласы ЖОО Жастар ісі жөніндегі комитеттерінің форумы

 

2023 жылдың 23 қарашасында Абай атындағы ҚазҰПУ Жастар ісі жөніндегі комитеттің ұйымдастыруымен «Абай» апталығы аясында «Көшбасшылар» қалалық жоғары оқу орындары Жастар ісі жөніндегі комитеттерінің форумы өтті. Форумның басты мақсаты - ЖОО Жастар ісі жөніндегі комитеттердің арасында ынтымақтастықты нығайту, тәжірбие алмасу, жастардың бәсекеге қабілеттілігін шыңдау, көшбасшылық дағдыларын қалыптастыру, нетворкинг жүргізу арқылы, студенттердің достық қарым-қатынасын арттыру болатын. Бір күнге созылған қалалық форумға арнайы спикерлер шақырылып, семинар-тренингтер өтті.

 

Форум бас оқу ғимаратынан бастау алды. Қатысушылар ең алдымен университетіміздің музейімен таныс болды. Келесі кезекте, қатысушыларымыз арнайы спикерлердің «Тұлғалық даму» тақырыбында семинар-тренингінен өтті. Семинар-тренингті университетіміздің Басқарма төрағасы-ректоры Болат Тілептің алғы сөзімен басталды. Қызайбай Әлібек, Скаков Азамат форум спикерлері ретінде «Тұлғалық даму» «Көшбасшылық» тақырыбында сөз сөйледі. Форум қатысушылары күн тәртібіне қойылған мәселелерді талқылады. Көшбасшы жастар «Мансапқа қалай жете аламыз?», «Шетелде мемлекет имиджін қалыптастырудағы жас көшбасшылардың рөлі», «Жастарға үздік көшбасшы болуға не кедергі келтіреді?», «Осындай жастар ұйымдарының мүшесі қалай бола аламын?», «Жастар және көшбасшылық. Көшбасшылық дағдыларды қалай дамыта аламыз?», секілді тақырыптар аясында сөз қозғады. Семинар-тренингтен кейін форум қатысушыларына «Abai student center» орталығымен таныстыру жұмыстары өтті. Таныстырылым «Blues bend» музыкалық тобының ән шашуымен бастау алды.

 

Қатысушылар студенттік орталықпен қатар университетіміздегі Жастар ісі жөніндегі комитет жұмыстарымен толығымен таныс болды. Форумның мәресін, шешендік өнер бойынша кәсіби жаттықтырушы, «Fabrika oratora» компаниясының негізін қалаушы, «Қазақ, шешендік клубының» негізін қалаушы, спикер Жұмабаев Қуаныш өткіген «Көпшілік алдында сөйлеу және өзін-өзі таныстыру», «Сөйлеу шеберлігі тақырыбындағы шеберлік сабағымен аяқтады. Студенттерге сөз шеберлігін қалыптастыру, адамның, тұлғалық қасиеттерін дамыту, адамның ең үлкен қорқынышының бірі - көпшілік алдында сөйлеу және де түрлі ішкі қорқыныш пен қобалжуды жеңетін, көпшілік алдында сенімді сөйлеуге арналған жаттығулар, ойындар негізінде студенттер бірігіп ойындар мен тапсырмалар орындады. Қуаныш Жұмабаев тәжірбиесімен бөлісіп, сөйлеу шеберлігінің көшбасшы үшін маңыздылығын, студенттер арасында көшбасшылық қасиеттердің қызықты да сырлы қырларымен бөлісті.

 

Форумның жабылу салтанатында университетміздің «Айдай» би тобы өнер көрсетті. Қатысушыларымызға 95 жылдық тарихы бар, қара шаңырақ - Абай университеті жайында «Tez tap» блиц сұрақтар айдары жүргізілді. Сұрақтарға дұрыс жауап берген қатысушыға университетіміздің имидждік сыйлықтары сыйға тартылды. Іс-шара соңында қатысушылар мен спикерлер университетіміздің Басқарма төрағасы-ректор Болат Тілептің арнайы алғыс хатымен марапатталып, университетіміздің арнайы имидждік сыйлықтары табысталды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=