қазақша · русский · english
   
  Main  News
29.11.2023

Алматы қаласындағы мектепке дейінгі ұйымдарының педагогтерінің біліктілігін арттырудың ауқымды курстары

 

2023 жылдың 24 қазаны мен 27 қарашасы аралығында «Еуразиялық техникалық-экономикалық колледжі» және МПИ «Балаларды дамыту зертханасы» (Ресей) Алматы қаласындағы мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтары үшін «Мектепке дейінгі білім берудің заманауи білім беру технологиялары және ерте жастағы балаларды дамытудың әлемдік тәжірибесі» тақырыбында кең ауқымды біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастырды.

 

Біліктілікті арттыру курстарын мектепке дейінгі білім беру саласындағы халықаралық мамандары Германия, Финляндия, Малайзия, Сингапур және басқа да елдерден келген тренерлер жүргізді. Сондай-ақ, Мәскеу қалалық педагогикалық университетінің (МПУ) жетекші ғалымдар тобы тартылды, оны балаларды дамыту зертханасының меңгерушісі Шиян И.Б., жетекші мамандар: Шиян О.А., Леван Т., Якшина А., Холодова О.

 

Шет ел ғалымдарымен бірлесе отырып оқыту курстарын өткізуге Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Мектепке дейінгі тәрбие және әлеуметтік педагогика» кафедрасының профессорлары мен оқытушылары тартылды: Абитова Г.Т. «Балаларды ерте жастан дамытудың заманауи әдістерін қолданудың өзіндік бағдарламасын құру», «Ойын арқылы оқыту. Ойындардың мақсаттары, оларды тәжірибеде қолдану міндеттері» мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтеріне арналған семинар-тренингтер; Алимбекова А.А. «Балалардың дивергентті ойлауын дамыту» мектепке дейінгі ұйым педагогтеріне арналған нейротренинг; Толешова У.Б. «Арт терапия» мектепке дейінгі ұйым психологтеріне арналған семинар-тренингтер; Атемкулова Н.О. «Балаларды музыка арқылы тәрбиелеу және оқыту технологиялары» мектепке дейінгі ұйымның музыка жетекшілеріне арналған семинар-тренинг.

 

«8D012 - Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу педагогикасы» (Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу) мамандығының докторанттары: Ауезова А.А. «Конструктивті ойындар арқылы мектепке дейінгі ересек жас балаларының танымдық қызығушылығын дамыту»; Ердембекова Д.А. «Мектеп жасына дейінг балалардың Реджио педагогика негізінде жобалық іс-әрекетке даярлықтарын дамыту»; Аубакир Б. «Мектепке дейінгі ұйымдарда вариативті оқу бағдарламарын даярлау ерекшеліктері»; Конысбаева А.Б. «Диагностика и развитие способностей детей старшего дошкольного возраста»; Берлибаева М.Б. «Развитие эмоционального интеллекта у детей старшего дошкольного возраста через игровую деятельность»; Иминова Ю «Мектепке дейінгі ұйымдарда пәндік-кеңістіктік ортаны құру»; Шажабаева Ж. «Мектепке дейінгі білім берудегі нейропедагогика» тақырыбында заманау технологиялар бойынша семинар-тренингтер өткізуге белсенді қатысты.

 

Бірлескен курс барысында мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының оқытушылары мен докторанттары өздерінің ғылыми кәсіби тәжірибелерімен бөлісті және ғылыми зерттеулерін тәжірибеде сынай алды.

 

Біліктілікті арттыру жұмыстары Алматы қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасының Жол картасын іске асыру шеңберінде жүргізіліп, Алматы қаласының 192 балабақшасынан 2205 педагогы білітіліктерін арттыру курсына тартылды.

 

  alt=  

 

  alt=