Main
News
01.12.2023 Түркия Бас консулдығының оқу-ісі жөніндегі атташемен кездесу
2023 жылдың 29 қарашасында Абай атындағы ҚазҰПУ Филология институты шығыс филологиясы және аударма кафедрасының ұжымы Түркия Бас консулдығына кездесуде болды. Іс-шараға Түркия мемлекетінің Алматы қаласындағы Түркия Бас консулдығының оқу-ісі жөніндегі атташе Айхан Коркмаз, шығыс филологиясы және аударма кафедрасының меңгерушісі Конкабаева Н.Н., аға оқытушысы Сатбай Г.Қ., түрік тілінің оқытушысы, волонтер Рейхан Гөкпен қатысты.
Кездесудің мақсаты - оқытушылардың ғылыми зерттеу ынтымақтастығы, өзара танысу, түрік тілі оқитын студенттер арасында олимпиада, жарыс, шығармашылық кештер ұйымдастыру, оны оқытуда қолдау көрсету. Түрік тілін бірінші не екінші шетел тілі ретінде таңдаған студенттер саны 200-ге жуық болу себебінен шығыс филологиясы және аударма кафедрасына түрік тілінің тағы бір волонтер-мұғалімін жіберу ұсынылды.
Кездесу соңында қос тарап сыйлықтармен алмасты.
|