Main
News
07.12.2023 Abai University және Universitas Negeri Yogyakarta докторанттары ғылыми зерттеу жүргізу тәжірибесімен алмасты
2023 жылы 06 желтоқсан күні Педагогика және психология институтының ұйымдастыруымен өткізілген докторанттардың ғылыми семинары нәтижелі өтті. Семинарға институттың профессор-оқытушылар құрамы, докторанттар және Джогякарта мемлекеттік университеті (UNY) Индонезия, ғылыми зеттеу және бағалау мамандығының докторанты Бегимбетова Г. қатысты.
Ғылыми семинардың модераторы докторант А.Утепбаева болды.
Семинарда 2-3 курс докторанттары Утепбаева А., Манжибаева Ж. (8D01901), 2 курс докторанттары Аманжолова Ә. (8D01201), Асылбаева Ж. (8D01301), Утемисова Ж. (8D01101) зерттеу жұмысының теориялық және практикалық нәтижелерімен бөлісті. Ғылыми семинарда білім берудің цифрлық трансформациясы жағдайында болашақ бастауыш сынып педагогтерінің кәсіби дағдылары, сөйлеу бұзылыстарын анықтауда жасанды инттелект алгоритмі, мектепте аутизм спектрі бұзылған бастауыш сынып оқушыларын әлеуметтендіру, студенттердің әлеуметтік жауапкершілігін еріктілік іс-әрекет процесі, сондай-ақ мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық дағдысын дамытудағы STEAM технологиясының мүмкіндіктерінің мәселелері зерделенді. Докторанттар өзара дискуссияға түсті.
Мектепке дейінгі білім беру кафедрасының меңгерушісі Қияқбаева Ұ., арнайы педагогика кафедрасының доцент м.а. Бекбауова З. докторанттарға зерттеу жұмыстары төңірегінде сұрақ қойып, құнды ұсыныстарымен бөлісті.
Семинарды профессор Абсатова М. түйіндеп, барлық белсенді қатысушыларға алғысын білдірді.
|