қазақша · русский · english
   
  Main  News
08.12.2023

Психологиялық қолдау қызметі Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториямен тәжірибе алмасты

 

2023 жылдың 7 желтоқсанында Абай атындағы ҚазҰПУ «Психологиялық қолдау» қызметінің психологтары республикалық «Қауіпсіз орта» жобасы аясында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында (Құрманғазы атындағы ҚҰК) өткен «Psycho Express» шарасына қатысты.

 

Іс-шараның мақсаты - университеттегі «Психологиялық қолдау» қызметімен таныстыру және Құрманғазы атындағы ҚҰК студеттеріне психологиялық экспресс-консультация жүргізу. Экпресс-консультация - бұл психологиялық кеңес берудің жаңа және ерекше форматы. Бұл форматтың ерекшелігі - аз уақыттың ішінде студентке психологиялық кеңес беріп, мәселенің шешу жолдарын көрсету.

 

Іс-шара барысында Алматының жоғары оқу орындарының психологтары тәжірибе алмасып, кәсіби мәселелерін талқылады.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

«Психологиялық қолдау» қызметі