қазақша · русский · english
   
  Main  News
24.10.2017
Абай атындағы ҚазҰПУ-да «Ұлы дала жастары» жобасы талқыланды


Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде жастарға «Рухани жaңғыру» бағдармасы аясындағы «Ұлы дала жастары» атты жаңа жобаның негізгі ережелерін түсіндіру мақсатында кездесу өтті.


Жобаның мақсаты - жастарға кәсіпкерлік ойлау дағдаларын, жастарға еркін шет тілдерін үйрену мен таңдаған мамандығы бойынша білім мен дағдыларды жақсарту үшін арнайы курстар ашу арқылы көмектесу. Жоба студенттерге ғана емес, сонымен қатар «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттарына да арналған.


Жоба университет жастарының азаматтық сана-сезімін жаңғыртудың алты бағытын қамтиды. Бұл - прагматизм, ұлттық болмысты сақтау, білімге табынушылық, шығармашылық ойлау, өзгерістер мен қиындықтарға дайындық, бәсекеге қабілеттілік. Жоба жеке қасиеттерді дамытуға, адамның мүмкіндіктері мен қабілеттерін түсінуге бағытталған.


Кездесу барысында «Рухани жaңғыру» бағдарламасының жоба кеңсесінің жетекшісі, Алматы қаласы әкімінің кеңесшісі Гүлнәр Қоңырова жастарға аталмыш жобаның маңыздылығы мен мәнділігін атап өтті.


«Рухани жaңғыру» бағдарламасының аясында келесі ірі төрт қосалқы бағдарламаларды іске асыру қарастырылған: «Тәрбие және білім», «Атамекен», «Рухани қазына» және «Ақпарат толқыны». Бағдарламаны сапалы түрде іске асыру және мемлекеттік органдарға жұмысты үйлестіру мақсатында Алматы қаласында жоба кеңсесі құрылған. Бүгінгі кездесу - алдағы үлкен жұмыс үдерісін орнату жиналысы болып табылады. Осы жиналыста университеттердің жауапты қызметкерлері де бар. «Tәрбие және Білім» қосалқы бағдарламасы шеңберінде «Ұлы дала жастары » жобасы барлық жоғары оқу орындарда жүзеге асырылатын болады »- деді ол .

 

Іс-шараға Алматы қаласының жоғары оқу орындарының студенттері мен жауапты қызметкерлері, жастар ұйымдарының өкілдері, БАҚ өкілдері, сондай-ақ жоба кеңсе қызметкерлері қатысты.

 

Кездесу соңында баяндамашылар қызығушылық танытқан студенттердің сұрақтарына жауап берді. Сондай-ақ, осы жылдың қазан айының соңына дейін Жобаның Басқару кеңсесіне «ЖОО-дағы Ұлы дала жастары» қосалқы жобасының үлгісін дайындау және жобалық кеңселерді / «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру үшін зертханаларды құру бойынша іс-шараларын ұйымдастыру ұсынылды.

 

Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім