қазақша · русский · english
   
  Main  News
15.12.2023

Университеттің ардагер-ұстаздары мен түлектері ұлықталды


2023 жылдың 13 желтоқсанында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 95 жылдық мерейтойы аясында тағылымды кездесу өтті. Шара қонақтары университет қабырғасында көп жылдар бойы қызмет етіп, ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлауға өзіндік үлес қосқан ардагер-ұстаздар мен қара шаңырағымыздан түлеп ұшып, еліміздің білім және ғылым саласын дамыту жолында қажырлы еңбек етіп келе жатқан көрнекті ғалымдар қатысты. Атап айтқанда, М. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының директоры, филология ғылымдарының докторы, университетіміздің түлегі Кенжехан Матыжанов, ұзақ жылдар бойы университетімізде факультет деканы, кафедра меңгерушісі, Психологиялық көмек орталығының жетекшісі қызметтерін атқарған, академик Жамиля Намазбаева, Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарып, бүгін де «Адалдық алаңы» жобасының жетекшісі, Алматы қаласы Корей ұлттық орталығы төрағасының орынбасары Георгий Кан, Шетел кафедрасының меңгерушісі болған, «Үздік ұстаз», Қазақстан Республикасының құрметті қызметкері, профессор Культай Мусаева, проректор, декан, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарған професор Азимхан Сейтжанов, оқу, тәрбие проректоры, факультет деканы, ЮНЕСКО кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарған Геннадии Селютин; педагогика бағытында Диссертациялық кеңесте төрағалық еткен, профессор Наталья Хан, тарих факультеті, заң факультетінің деканы қызметін атқарып, саясаттану ғылымдары бағытында жүздеген шәкітттерді тәрбиелеген профессор Адиль Джунусов, химия кафедрасының меңшерушісі болған, ғалым-ұстаз, профессор Женис Шоқыбаев, химия кафедрасының меңшерушісі болған, профессор Бакир Мансуров, факультет деканының орынбасары қызметін атқарған, профессор Абдуразак Бабашев, ұзақ жылдар бойы ұзстаздық етіп келе жатқан, Суретшілер одағының мүшесі, профессор Онал Абишева, саналы ғұмырын ұстаздыққа арнаған профессор Гүлжәмилә Мейірова құрметті қонақтар қатарында болды.


Шара барысында «Абай атындағы ҚазҰПУ» КеАҚ Басқарма төрағасы - ректор Болат Тілеп қонақтарға жылы лебізін білдіріп, шара қонақтарын мерейтойлық медалімен марапаттады.


Іс-шара соңында барша қатысушылар шара ұйымдастырушыларына шынайы алғыстарын білдірді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=