Main
News
26.12.2023 SCOPUS базасындағы этнопедагогикалық контент проблемалары жөнінде ғалымдардың халықаралық диалогы
2023 жылдың 25 желтоқсанында оnline және оffline форматта «Scopus платформасында ғылыми материалдарды жариялаудың этнопедагогикалық контенті және техникалық параметрлері» тақырыбында Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология институты педагогика кафедрасының ұйымдастыруымен халықаралық ғылыми-әдіснамалық семинар өтті.
Семинардың мақсаты - Scopus базасындағы индекстелген басылымдардағы этнопедагогикалық контент нәтижелерін талдау бойынша конструктивті диалог ұйымдастыру және этнопедагогикалық зерттеулер бойынша ғалымдар коллаборациясын өзектендіру.
Негізгі спикер п.ғ.к, аға оқытушы М.Қ.Құрсабаевтың баяндамасында этнопедагогика тақырыбындағы жарияланымдар бойынша мемлекетаралық сатистикалық мәліметтердің салыстырмалы талдаунамасы және этнопедагогиканың глобализация жағдайындағы ғылыми тенденциялары мен дамуперспективалары көрініс тапты.
Семинар жұмысына Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Ғылым департаментінің директоры У.М. Абдигапбарова, профессоры Ш.К.Колумбаева, әдіснамалық семинар жетекшісі, зерттеуші-профессор А.Е.Берикханова,Уфа ғылым және технология университетіінің профессоры В.И. Баймурзина (Уфа қ. РФ), Марий мемлекеттік университетінің профессоры Т.Н. Петрова (Йошкар-Ола қ. РФ), Абай атындағы ҚазҰПУ Ардагерлер кеңесінің төрағасы, профессор Б.А.Әлмұхамбетов, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ педагогика кафедрасының профессоры Ғ.М.Кертаева, Алматы облысы, Есік қаласы Райымбек батыр атындағы мектеп директоры С.Р.Турикбаева және басқа да қатысушылар этнопедагогикалық білімді дамытудың өзектілігіне жоғары баға беріп, құнды пікірлермен алмасып, халықаралық ынтымақтастық перспективаларын анықтады.
Семинар жұмысына 100-ден астам қатысушылар жиналды: Педагогика және психология институты кафедралаорының оқытушылары, білім беру ұйымдары басшылары мен мамандары, колледж және мектеп мұғалімдері, докторанттар, магистранттар және студенттер.
|