Main /
Mass media about us
03.01.2024 Ел ертеңін бағамдаған сұхбат
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында өткен жылы атқарылған көптеген жұмыстарға тоқталып, алдағы жылы атқарылатын, көкейде жүрген көптеген келелі мәселелерімен бөлісіпті. Жасыратыны жоқ соңғы жылдары еліміздегі өзгерістер ел азаматтарының сенімінен шығып жатқаны жасырын емес. 2023 жылдың өзінде көптеген қордаланған әлеуметтік мәселелер оң шешімін тапты. Еліміздің көптеген аймақтарында үш аусымды негізде оқитын мектептердің санын азайту мақсатында қолға алынып отырған шаралар да жақсы нәтиже беріп отыр. Әсіресе, білім мен ғылым, денсаулық саласының мамандарына жасалып отырған қамқорлықтың өзі мемлекет саясатының дұрыс бағытта екенін аңғартады. Жас отбасыларды баспанамен қамту, ел ертеңі саналатын бүлдіршіндерімізді 18 жасқа толғанша Ұлттық қордан жеке есеп шот ашып, ақша аудару жұмыстарының да қолға алынуы ел азаматтарының көкейінен шығып отыр. Экономикамыздың қарқынды дамуы ел ертеңінің кепілі екені жасырын емес. Азаматтарымыздың әл-ауқаты жоғары, білім-ғылымы дамыған ел ғана алдағы онжылдықта өзінің болашағын айқындай алады. Біз сол жолдан қалыс қалмау үшін үнемі кез-келген сын қатерге жауап бере алатын мықты экономикасы бар мемлекет болуымыз керек. Президент 2024 жылғы мемлекетті дамытудағы жоспарымен бөліскенде «Халқымыз «Жақсы сөз - жарым ырыс» дейді. Үкімет экономиканы басқарудың тың тәсілдерін қолдана алса, жаңа айтылған жақсы болжамдар ақиқатқа айналады», - деген болатын. Яғни биылғы жылғы қолға алынған бастамалар оң шешімін тапса, ел азаматтарының да әл-ауқаты жақсаратыны сөзсіз.
Авторы: Шоқан Құттыбаев, Абай атындағы ҚазҰПУ Филология институтының PhD докторы, аға оқытушысы 03.01.2024 ж. Ақпарат көзі: bilim.expert
|