қазақша · русский · english
   
  Main / Mass media about us
03.01.2024

Идея мен мүдде

 


 

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керек» сұхбатына ой толғау.


Қоғамды сапалық жағынан жаңартуға, қайта құруға бағытталған жаңа кезеңін бастап берді. Мәні жағынан «революциялық» демей «эволюциялық» және ауқымды жағынан бұрын-соңды болып көрмеген осынау жүмысты бастағанда, ашығын айтайық оған қатысушылардың тіпті де бәрі бірдей таңдап алған жолда бізді күтіп тұрған барлық қиындықтарды түсіне қойған жоқ. Еліміз ілгерілеу қарқыннан айырыла бастады, бұрынғы даурытпалық көрсеткіштер елеске айналды, шешілмеген проблемалар жинақтала берді , әлуметтік азғындану элементтері байқала бастады, жаңаруға жат тенденциялар пайда болды. Осының бәрі тоқырау жағдайына, дағдарыс алдындағы құбылыстарға әкелді. Қаңтар оқиғасы соның бір дәлелі. Қазіргі кезде қоғамдық саяси ой, талқылау шешімдерін жүзеге асыру осының бәрі барлық салаларды түбегейлі жаңа көзқарастар қажет екенін айқын көрсетіп берді. Экономика мен әлеуметтік салада, шаруашылықты басқару мен халықтың белсенділігін, инициативасын ынталандыру қажет екенін көрсетіп отыр. Алдыңғы ұрпақтардың еңбегі мен каһармандығын жеңіп алған нәтижелерін де жоққа шығарып отырған жоқ.


Бес жыл өтті . Осы жылдар ішінде қыруар іс тындырылды. Жаңа көзқарас тұжырымдамасы, стратегиясы мен тактикасы әзірленіп іске асуда, парламент, мәжіліс депуттаттар саны жаңа буынмен толықтырылуда олар демократия көбірек болсын деген мақсатта әсіресі тіл мәселесін маңдай алды алға қоюы құптарлық жағдай, яғни қайта құру, жаңашыл көзқарас - әлеуметтік практика.


Ой мен іс - қимыл салты ретінде қайта құру бұқараны барған сайын берігірек баурап алуда, қоғамдық сана мен практикалық жұмыстың сипатын анықтай отырып, өмірге барған сайын тереңірек енуде. Өткен бес жыл ішінде біз өзгердік пе ? Иә өзгердік. Еңсемізді көтеріп, бойымызды тіктедік, фактілерге тайсалмай адал қарап, толғағы жеткен нәрселерге бүкпесіз, ескертіп айтатын болдық, «құйтырқыларды» анықтап отыз жылдан астам қордаланып қалған проблемаларды шешудің тәсілдерін бірлесіп іздестірудеміз, батыл бетбұрыс жасамаса, бірқатар әлеуметтік және экономикалық міндеттерді шешуде қазірдің өзінде байқалған нақты өзгерістердің болуы мүмкін емес еді.


Көптеген қиын, жанға бататын сұрақтар қойылып та жүр. Бірі - бұзып жармай-ақ түбегейлі шаралар қолданбай-ақ қоюға болар ма еді? Бұрын жасағандарды жетілдірумен ғана шектелуге болмас па еді? Дау үстінде кейде, саяси мәдениет, бір-бірін тыңдай білу, қоғамдық процестерге ғылыми талдау жасай білу жетіспейтінін, тіпті жай ғана білім, дәлел жетпей жататынын жариялылық көрсетіп берді. Біріміз болып жатқан өзгерістердің мәнін әлі де анық түсінбегендіктен. Енді бірі қалыптасқан жағдайдың күрделігін толық ұғына бермеуі. Біреу өзінің де, өзгелердің де күшіне сене қоймауы. Біреу жан самарқаулығы мен тыныштығынан айырылғысы келмейді, өзінің іс-қимылы үшін жауапкершілік жүгін көтеру дағдысы жоқ. Біреулер қайта өзгерту ауқымынан шошып та үлгерді... Бұл мысалдар шенеуніктер арасында көп кездесуде.


Біз бұл арада қоғамдық-психологиялық сипаттағы құбылыстарға ғана тап болып отырған сияқтымыз. Мұндай позицияның түп-тамыры басқарудың бұйрықшыл әкімшілдік, жаңа бюрократтық әдістерінде жатыр. Кез келген идеяның тасасында сөз жоқ белгілі бір мүдде тұрады. Жаңашыл көзқарасқа кертартпа қарсылық өткеннен қалған ой мен іс-қимыл әдеттің, дағдысының салмағы; бөтеннің есебінен өмір сүріп әдеттенгендердің және бұл әдеттен арылғысы келмейтіндердің жанталасқан өзімшіл мүдделері.


Президенттің берген сұхбат түйіні осында ол біздің жақсырақ, кіршіксіз, мазмұндырақ өмір сүруімізге, тезірек ілгері басуымызға, жаңа жолда болмай қоймайтын қателер мен ағаттықтарға неғұрлым азырақ құн төлеуге жол көрсету. Соның бірі Атом электр стансасы, тағы басқалары. Әлеуметтік саланы көтеруге үлкен үлесі бар дүниелер.


Біздің бәріміз жариялылық жағдайында өмір сүруді үйреніп, үлкен мектептен өтіп жатырмыз. Бұл оңай мектеп емес өмір мектебі, бірімен тереземіз тең, біреуден тереземіз биік болу үшін, ой мен іс-қимылдағы ескі нәрседен арылу біз ойлағандағыдан қиынырақ болып шықты. Бірақ бүгінде біріктіріп отырған басты нәрсе - кері оралуға болмайтындығын түсіну. Сондықтан пікірталастардың өздері-ақ олардың сипаты, бағыты, пікірлердің, бағалардың, позициялардың әрқилылығы заманның аса маңызды нышандарының бірі, қазіргі кезде «Жайлы мектеп» бағдарламасы айдары оң, мазмұны қалай болмақ? Біз ұрпаққа қандай білім-ғылым ізгі дәнін береміз. Абай атындағы Қаз ҰПУ ұжымы қос Министрлігімізбен бірлесе осы игі істі жұмыла қолға алудамыз. Қазіргі кезде университет түлектері бір ғана маман иесі емес нарыққа бейімді іскерлігімен көзге түсуде.


Қазіргі заманғы менеджмент дейтін мамандықтың майын ішкен Шэр Хельмстер былай деген екен: «Мақсат - жоспарды анықтайды, жоспар - әрекетке әкеледі, әрекет - нәтижеге қол жеткізеді, ал нәтиже - табыс береді». Осы бір ғана Мақсат дейтін қарапайым сөзден басталады.


Жарық, Инициатива, Жауапкершілік мол болсын. Озық ойлы ұлт ретінде жаңаша саяси ойлау жүйесін тезірек меңгерейік. Ісімізге сәттілік.

 

 

 

Авторы: Әлмұхамбетов Берікжан Айтқұлұлы

Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Абай атындағы ҚазҰПУ, Ардагерлер кеңесінің төрағасы.

03.01.2024 ж.

Ақпарат көзі: qazaqadebieti.kz