қазақша · русский · english
   
  Main / Announcements
24.11.2020

РhD дәрежесін алу үшін Г.Т. Ерсултанованың диссертациялық жұмысының қорғауы өтеді

 

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде «6D021300 - Лингвистика» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Ерсултанова Гаухар Тилеукабуловнаның «Публицистикалық дискурстағы тілдік тұлға (қазіргі қазақ баспасөз материалдары негізінде)» тақырыбында диссертациясы қорғалады.

 

Диссертация Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде орындалған.


Қорғау тілі - қазақша.


Ғылыми кеңесшілер:
Есенова Қалбике Өмірбайқызы - филология ғылымдарының докторы, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, Академик С.Қирабаев атындағы Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының профессоры, Алматы қ., Қазақстан Республикасы.
Гурер Гульсевин - филология ғылымдарының докторы, профессор, Эге университеті, Измир қ., Түркия Республикасы.


Рецензенттер:
Алдаш Айман Мырзалықызы - филология ғылымдарының докторы, профессор, А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, Алматы қ., Қазақстан Республикасы.
Жолшаева Майра Сатыбалдықызы - филология ғылымдарының докторы, Сулейман Демирель атындағы университе, «Тілдік білім беру» кафедрасының профессоры, Қаскелең қаласы, Алматы облысы, Қазақстан Республикасы.


Қорғау 2020 жылдың 25 желтоқсанында сағат 11:00-де Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті жанындағы «6D021300 - Лингвистика» мамандығы бойынша Диссертациялық кеңесте өтеді. Мекен жайы: 050010, Алматы қаласы, Достық даңғылы, 13, 3-қабат, 320 каб. Сайттың мекен жайы: www.kaznpu.kz 

 

Аңдатпа


Ғылыми жарияланымдар тізімі

 

Диссертацияны қорғау барысында түсірілген бейне жазба


Философия докторы (PhD) дәрежесін беру туралы бұйрық