Main /
Mass media about us
13.01.2024 Abai University: үздік жоба педагогикалық шеберлікті шыңдайды
Ғалым-педагог, профессор Ұлжарқын Әбдіғапбарованың жетекшілігімен орындалған ҚР ҒЖБМ гранттық қаржыландыру аясындағы AP05134253 «Дуальді-бағдарлық оқыту - болашақ мұғалімнің кәсіби даярлығын жетілдірудің шарты» жобасы нәтижесінде болашақ педагогтің кәсіби даярлығының озық сипатын айқындайтын дуальді-бағдарлық оқыту моделі жоғары педагогикалық оқу орындарына кешенді тұрғыдан алғаш рет енгізілді.
Ғалымның пікірінше, Еуропа мемлекеттерінде дуальді оқыту жүйесі қалыптасып дамығанымен, жоғары педагогикалық оқу орындарына толықтай енгізілмеген, ал Қазақстанның жоғары педагогикалық білім беру жүйесіне енгізілген дуальді-бағдарлық оқыту нақты тәжірибеге негізделген және қоғамның педагогикалық білім беру саласында жоғары білікті мамандарды даярлауға әлеуметтік тапсырыспен шартталған динамикалық құрылым болып табылады.
Ұлжарқын Әбдіғапбарованың қол жеткізген ғылыми нәтижелерінің құндылығы «мектеп-колледж-ЖОО» қызметтерінің ықпалдастығының артуына, менторлық әдістемені әзірлеуге, жоғары педагогикалық білім беруді жаңғыртатын дуальді-бағдарлық оқыту моделінің тұтас бағдарламасын практикаға ендіруге мүмкіндік берді.
Бұл зерттеу бүгінгі таңда DAAD неміс ұйымы қаржыландыратын «Pedagogical Professionalism and Internationalization» атты халықаралық жобаға ұласып, Абай атындағы ҚазҰПУ, Фридрих-Александр Эрланген-Нюрнберг университеті (FAU) және Әзірбайжан мемлекеттік педагогикалық университеті (ASPU) ғалымдарымен бірлестікте жүргізіліп отыр.
13.01.2024 ж. Ақпарат көзі: aikyn.kz
|