Main
News
19.01.2024 Абай университетінің жас ғалымдары республикалық «QazScience» семинарында өз тәжірибелерімен бөлісті
2024 жылдың 17 қаңтарында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының ұйымдастыруымен «QazScience: ғалымдардың зерттеулерін гранттық қаржыландыру конкурсына өтінім әзірлеу және ғылыми жоба жұмыстарын орындау мен басқару» тақырыбында ғылыми академиялық семинары өтті.
Ғылыми академиялық семинарда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің жас ғалымдары, университеттің Жас зерттеушілер кеңесінің мүшелері, PhD-докторлар: Лайсханов Шахислам және Байшемиров Жарасбек баяндама жасады. Аталған жас ғалымдар ғылыми жобаларды басқару және жоба аясында зерттеулер жүргізу бойынша мол тәжірибеге ие екендігін айта кеткен жөн.
Жас ғалымдар ғалымдардың зерттеулерін гранттық қаржыландыру конкурсына өтінім беруден бастап, жобаларды тиімді басқаруға дейінгі кезеңдердегі жұмыстар туралы ақпарат бере отырып, оларды орындау бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті.
Аталған семинар гибритті форматта өтті. Семинарға 80 жас ғалым офлайн, республика бойынша 200-ге жуық жас ғалымдар онлайн қатысты. Іс-шараға қатысқан жас ғалымдар семинарда жасалған баяндамалар мен көтерілген мәселелерге қызығушылық танытып, өз ой-пікірлерімен бөлісті, спикерлерге көптеген сұрақтар қойылды. Спикерлер өз тәжірибелері негізінде туындаған сұрақтарға толық жауап берді.
|