қазақша · русский · english
   
  Main  News
19.01.2024

Ғалымның Абай университетінің кітапханасына жасаған сыйы


Бүгін, 2024 жылдың 19 қаңтарында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Ғылыми кітапханасы ҚР Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, философия ғылымдарының докторы, профессор Ақтолқын Құлсариеваның сыйға тартқан 140 дана кітаптарымен толықтырылды. Сыйға тартылған әдебиеттердің қатарында университеттің мәдени мұрасын байытуға және оның студенттері мен оқытушылары үшін құнды ресурс болатын ғылыми, оқу, көркем және танымдық басылымдар бар.


Ақтолқын Құлсариева бұл кітаптар кітапхана сөрелерінде лайықты орын алып қана қоймай, оқырмандардың жүрегіне жол тауып, жаңа білім мен зерттеулерге шабыт беретініне сенім білдірді.


Абай университеттің Ғылыми кітапханасының ұжымы Ақтолқын Құлсариеваға университеттің кітап қорын толықтыруға қосқан зор үлесі үшін шексіз ризашылығын білдіріп, білім ордамыздағы білім мен ғылымның дамуына үлес қосып отырған осынау айтулы іс-шара үшін шексіз алғысын білдіреді.

 

  alt=