қазақша · русский · english
   
  Main  News
23.01.2024

Сорбонна-Қазақстан институтының халықаралық қос дипломдық білім беру бағдарламалары

 

Абай атындағы ҚазҰПУ Сорбонна-Қазақстан институты жетекші француз университеттерімен серіктестікте қос дипломды білім беру бағдарламаларын табысты іске асыруда. Бұл бағдарламалар студенттерге еуропалық сапалы білім алуға, тәжірибелерін байытуға және білім көкжиегін кеңейтуге бірегей мүмкіндік береді.

 

Қосдипломды білім беру бағдарламалары:

- «Жаһандық сын-қатерлер» магистрлік бағдарламасы. Серіктес университеті - Ұлттық шығыс тілдер және өркениеттер институты (INALCO);

- «Халықаралық құқық» бакалавр бағдарламасы. Серіктес университеті - Лотарингия университеті (Université de Lorraine);

-«Экономика» бакалавр бағдарламасы. Серіктес университеті - Пуатье университеті (Université de Poitiers).

 

Сорбонна-Қазақстан институтының жетістіктері:

Жыл сайын біздің үздік студенттеріміз француз тарапы ұйымдастырған конкурстық іріктеуден өтіп, серіктес университеттерге оқуға жіберіледі. 2014 жылдан бастап 150-ден астам студент қос дипломды білім беру бағдарламалары аясында оқудан өтті. 2023 жылы «Жаһандық сын-қатерлер» бағдарламасының 20-дан астам түлегі INALCO дипломдарына ие болды.

 

Студенттерге арналған артықшылықтар мен мүмкіндіктер:

- Францияның жетекші жоғары оқу орындарында оқу мүмкіндігі;

- Түрлі стипендиялық бағдарламалар гранттарының иегері болу мүмкіндігі (Абай-Верн, Эразмус+);

- Франкофондық университеттер агенттігі (AUF) желісі бойынша тағылымдамадан өту мүмкіндігі.

 

Жаһандық білім беру ортасы:

Абай атындағы ҚазҰПУ мен француз серіктестері (INALCO, Лотарингия университеті, Пуатье университеті, Лилль университеті, Страсбург университеті, Шампань-Арденн Реймс университеті және басқалары) арасындағы ынтымақтастық достық пен өзара түсіністік жағдайында өтеді. Біздің талантты студенттеріміздің алдында бай француз мәдениеті мен ғасырлық білім беру дәстүрлеріне қосылудың бірегей мүмкіндігі ашылады. Студенттер өздерінің кәсіби білімдері мен дағдыларын кеңейтіп қана қоймай, сонымен қатар жоғары сапасымен танымал озық білім беру процесіне ене алады.

 

Францияда оқуды аяқтағаннан кейін біздің студенттер жаңа біліммен, тәжірибемен және өзіне деген сенімділікпен, жаңа көкжиектерді бағындыруға және кәсіби мансабында табысқа жетуге дайын болып оралады.

 

Сорбонна-Қазақстан институты студенттерге табысты болашақ үшін кепілді мүмкіндіктері бар жоғары сапалы білім беруді қамтамасыз ете отырып, инновациялар мен халықаралық ынтымақтастықта көшбасшы болып табылады.

 

  alt=  

 

  alt=