Main
News
24.01.2024 Педагогикалық практиканың нұсқаулық конференциясы
2024 жылдың 22 қаңтарында Педагогика және психология институты «Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика» кафедрасының ұйымдастыруымен «6В01801 - Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану», «6В01201 - Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының 3-ші курс студенттеріне педагогикалық практиканың басталуына байланысты нұсқаулық конференциясы өткізілді.
Нұсқаулық конференция барысында студенттер педагогикалық мақсат, міндеттерімен таныстырылды. Практика жетекшілері бөлініп, практика базалары таныстырылды.
Педагогикалық практиканың мақсаты - жалпы білім беретін мектептерде әлеуметтік-педагогикалық қызметті, балабақшаларда тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастыру және жоспарлау жүйесін зерделеу және алынған арнайы бағдарламаларды бекіту. Білім беру жағдайында жағдайында балалардың кез келген санаттарымен жұмыс істеу білімі, кәсіби дағдылары мен біліктерін дамыту. Педагогикалық практиканың міндеттері: 1. Кәсіби пәндерін оқу барысында алынған теориялық білімді өзектендіру және іс жүзінде қолдану. 2. Жалпы білім беретін мектептерддің әлеуметтік-педагогикалық қызметін реттейтін негізгі нормативтік құжаттармен, сондай-ақ әлеуметтік педагогтың мәртебесі мен негізгі функционалдық міндеттерін анықтайтын құжаттармен танысу. 3. Балалардың әртүрлі санаттарымен жұмыс істеудің ағартушылық-профилактикалық бағыттағы технологияларын, түзету-оңалту және кеңес беру, әлеуметтік-педагогикалық технологияларын меңгеру.
|