қазақша · русский · english
   
  Main  News
25.01.2024

Қысқы мектеп: педагогикалық білім берудің жаңартылған моделін іске асыру

 

  alt=  

 

2024 жылдың 8-19 қаңтар аралығында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамына арналған Қысқы мектеп өткізілді. Қысқы мектеп педагогикалық білім берудің жаңартылған моделін іске асыруға, оның мазмұнын күшейтуге және «Педагогикалық әлеуетті күшейту» жобасы аясында әзірленген мұғалімдерді даярлаудың 30 инновациялық білім беру бағдарламасын масштабтауға арналды. Қысқы мектеп аясында Алматының 6 жоғары оқу орнының 206 оқытушылары офлайн форматта және И.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің 39 педагогтары онлайн режимде оқудан өтті. Қысқы мектептің жұмысы Абай университетінің Білім беру бағдарламаларын жобалау департаментімен ұйымдастырылды.


Дәстүр бойынша Абай университетінің Қысқы мектептері аясында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыру, академиялық процестерді ұйымдастыру, ғылыми зерттеу және білім алушыларды тәрбиелеу мәселелері бойынша профессор-оқытушылар құрамы мен құрылымдық бөлімшелердің басшыларын таныстыруға және оқытуға өткізіледі.

 

2024 жылғы Қысқы мектептің жұмысының нақты мақсаты біздің өңір үшін педагогтарды даярлауға арналған инновациялық білім беру бағдарламаларын пилоттауға және масштабтауға ЖОО оқытушыларын дайындау болды.

 

Офлайн оқытуды Финляндияның НАМК университетінің халықаралық сарапшылары: Irmeli Maunonen-Eskelinen, Marja Laurikainen, Mikael Viitasaari, Назарбаев Университеттің: Гүлниса Жүнісова, Айжан Мусина, Әсия Карпишева, Абай атындағы ҚазҰПУ және ҚазҰҚПУ ұлттық тренерлері: Байдильдина А. М., Абаева Г. А., Жұманқұлова Е. Н., М. О. Қабышева, Ш. Ш. Карбаева, Ш. Т. Нұрман, Г. С. Оразаева, Н. Т. Ошанова, З. Ж. Рабилова, Ш. И. Хамраев жүргізді.

 

Қысқы мектептің оқыту бағдарламасы келесі мәселелерді қамтиды: core curriculum; силлабус үлгісі; қазіргі педагог қызметіндегі конструктивті келісу және бағалау; студенттік-орталықтандырылған оқыту; белсенді оқыту әдістері; IT технологиялар; инклюзия; ғылыми-бағдарланған білім беру; STEM, CLIL және тұрақты даму.

 

Мектеп жұмысының қорытындысы - жаңа білім беру бағдарламалары бойынша жоғарыда аталған тақырыптарды ескере отырып, заманауи форматтағы пәндер бағдарламаларының (силлабустарының) тұжырымдамалық шаблондары әзірленді.

 

Ағымдағы оқу жылында ҚазҰПУ география, физика, математика, информатика, арнайы педагогика, көркем білім, музыкалық білім, дене шынықтыру және тарих-қоғамтану бойынша жаңа форматтағы мектеп мұғалімдерін даярлаудың 12 инновациялық білім беру бағдарламасын пилоттау жүргізілуде.

 

Соңғы жылдардың сұраныстарына сай магистратураның инновациялық бағдарламалары дайындалған: Цифрлық педагогика және Аутизм спектрі бұзылған балаларды сүйемелдеу бойынша Арнайы педагогика.

 

Болашақта біз осы жобада әзірленген барлық білім беру бағдарламаларын іске асыруды көздейміз, өйткені ҚазҰПУ барлық бағыттар бойынша педагог кадрларды даярлауды жүзеге асыруға лицензиясы бар. Мысалы, алдағы 20224/2025 оқу жылында университет келесі 7 жаңа білім беру бағдарламасына: биология, химия, қазақ тілі, ағылшын тілі, орыс тілі, мектепке дейінгі білім беру педагогтарын даярлау және «Білім берудегі менеджмент және көшбасшылық» магистрлік бағдарламасына талапкерлерді қабылдауды жоспарлап отыр.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=